«Астана» плей-оффқа адымдап барады

06.03.2017, 12:00    Оқылғаны: 890
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазақтың «Астанасы» өз алаңында Пермнің «Парма» клубын тізе бүктірді – 88:73 (21:15, 21:13, 22:28, 24:17).

Ойынның бірінші жартысында-ақ алаң иелері екі таңбалы сан айырмасымен алға шығып, үстемдік танытты. Үлкен үзіліске дейін «Астананың» қорғанысы Пермнен келген қонақтарына 28 ұпай ғана еншілеуге мүмкіндік берді. Рас, матчтың үшінші ширек бөлігінің басында «Парма» көсіле сілтеп, Сергей Чернов пен Сашиа Загорац айрықша көзге түсті. Ал Константин Буланов допты оймақторға дөп түсірген соң Илиас Папатеодорудың шәкірттерін тіпті қуып жетуге айналды – 52:50. Бірақ Иан Миллер мен Роберт Лоуридің үш ұпайлық доға сыртынан лақтырған доптарынан кейін алаң иелері қайтадан 10 ұпай алға озды. Ал кездесудің соңғы ширек бөлігінде «Астана» ұпай айырмасын одан әрі ұлғайта түсті. Қазақстан клубы осылай 9-шы жеңісіне қол жеткізіп, плей-оффта бақ сынауға мүмкіндік беретін орынға мейілінше жайғасты.

Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Усман Крубалли (21+12 рет доп қақшып алды), Роберт Лоури (16+7 рет доп қақшыды+5 пас), Иан Миллер (15), Леонидас Касилакис (11+8 рет доп қақшыды)

«Парма»: Сергей Чернов (14+6 пас), Константин Буланов (13), Саша Загорац (11+5 рет доп қақшыды), Максим Дыбовский (10+8 рет доп қақшыды)

«Парма» БК бас бапкері Вячеслав Шушаков:  
- Өз жігіттерімінің ойынына көңілім толады. Әрине, бүгін жарақаттанып қалған Уховтың үш ұпайлық соққылары жетіспеді. Сондай-ақ ойынымзға тұрақтылық жетіспеді. Қорғаныста шамамыздың жеткенінше “шайқастық”. Әрине, «Астана» – бүгін бізден қарымды.

«Астана» БК бас бапкері Илиас Папатеодору:
-  Ойынның басында қорғаныста өте тамаша ойнадық. Әсіресе, «Парманың» көшбасшыларын тұсаулап ұстай алдық. Атап айтқанда, Черновқа қарсы жақсы қорғандық. Ойынның бірінші жартысында 14 ұпай айырмасымен алға шықтық. Ойын тізгінін өз уысымызда ұстадық. Матчтың үшінші ширек бөлігінде аз уақыт қарқынымызды бәсеңсітіп алдық. Бірақ осыдан кейін қайтадан мұқият ойнап, матчты жеңіспен аяқтадық.

«Астана» ертең Алматыға жол жүреді. Алатау бөктерінде 2017 жылғы Қазақстан Республикасы кубогы додасы ұйымдастырылып, 8-12 наурыз аралығында сарапқа салынады. Осы турнир және оған қатысатын командалар туралы толық мәліметтер, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері біздің сайтымыздың Турнирлер бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»