«Астана» Риганың VEF клубын қабылдайды

25.01.2019, 19:00    Оқылғаны: 629
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Алдағы жексенбі күні, 27 қаңтарда, «Сарыарқа» велотрегінде «Астана» Президенттік баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Риганың «VEF» клубымен додаға түседі.
 
VEF – Латвияның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Рига қаласынан.
 
Жетістіктері:
  • Латвия чемпионы − 2011, 2012, 2013, 2015, 2017
  • Латвия чемпионатының күміс жүлдегері –2010, 2014, 2016, 2018
  • КСРО чемпионатының қола жүлдегері –1960, 1966, 1991
  • Балтық лигасы кубогының қола жүлдегері – 2012
  • Латвия чемпионатының жартылай финалына шыққан – 2008, 2009
 
«Астана» Риганың «Olimpic Sport Center» аренасында бірінші ойынын өткізіп, алаң иелерінен 71:93 (23:25, 14:29, 25:10, 9:29) есебімен басым түскен болатын. Дәл қазір Латвия командасы 13-орында тұр. Ал «Астана» болса, ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде 6-орынға орналасқан. «Астана» баскетболшылары өз алаңында қонақтарына төтеп беріп, «VEF» командасын тізе бүктіре ме, жоқ әлде, Латвиядан келген меймандар елорда клубынан есе қайтара ма – оны тек ойын көрсетеді.
 
Матч 27 қаңтар күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 15:00-де. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, матч барысында көрермендер арасында Сыйлықтар ойнатылады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»