«Астана» баскетболшылары «Нұрлы жүректе» қонақта болды

28.12.2018, 20:30    Оқылғаны: 1830
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
 Жаңа жыл қарсаңында «Астана» Президенттік баскетбол клубының ойыншылары Асқар Майдекин мен Дмитрий Гаврилов және спорттық директоры Рүстем Мұқанов Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ондағы кішкентай балалармен кездесті және оларға сыйлықтар табыс етті.
 
«Нұрлы жүрек» орталығы бала денсаулығының нығаюын қамтамасыз етеді. Балаларға мекемеде емдеу жиынтығына енетін медициналық терапия, психологиялық-педагогикалық түзету, әлеуметтік бейімдеу қызметтері атқарылады. Денсаулықтары нашар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға жекелей қарым-қатынас орнатуды үйретеді, олардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне жан-жақты жағдай жасайды. Мақсаты – денсаулықтары нашар балалардың ойлау қабілетін арттыру және дене бітімінің кемшіліктерін емдеу, қалпына келтіру, түзету.



Баскетболшылар балаларға клубтың барлық мүшесінің атынан сыйлықтар табыс етіп қана қоймай, олармен бірге ойнап, емен-жарқын тілдесті. Ойыншылардың өздерінің айтуларынша, балаларға олардың сыйлықтарынан гөрі арнайы келіп, жеткіншектерді көңілдендіріп және жігерлендіріп, мейірімділік танытып, маңдайларынан сипағандары маңыздырақ болған.
 
Біздің клуб барлық балаларға зор денсаулық, салауаттық және көтеріңкі көңіл-күй тілейді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»