«Астанада» жаңа буын!
«Астана» ПБК екі жас ойыншымен, атап айтқанда, Руслан Айтқалимен және Асқар Майдекинмен келісімшартқа отырғанын жариялайды.
Асқар – Қарағанды облысының тумасы, орталық шептегі әлеуеті зор ойыншы, қазірдің өзінде Қазақстан Ұлттық құрамасының сапына тартылып жүр. Руслан Ақтөбеде туған, Алматыдағы республикалық мектеп-интернатты бітірген. «Астанаға» дейін «Алматы Легионы» клубында шабуылдаушы қорғаушы және жеңіл шабуылшы шептерінде ойнаған.