Екінші жеңіс – «Астана» «Сарейет Рамала» клубынан басым түсті

25.09.2017, 17:00    Оқылғаны: 495
Дереккөз: ФИБА
Автор:
«Астана» тағы да Джастин Картерге сенім артып, «Сарейет Рамала» клубынан 69-51 есебімен басым түсті де, 2017 жылғы FIBA Азия чемпиондары кубогында екінші рет жеңіске жетті.

«Астана» БК және «Сарейет Рамала» басында терезесі тең дәрежеде өнер көрсетті. Бірақ қазақстандықтар екінші кезеңде 37:19 есебімен алға ұзап шығып, ойын аяғына дейін жеңісті уыстарынан шығарған жоқ.

«Астана» допты өздерінде ұстауға шебер екендерін паш етіп, қорғаныста сауатты ойнай білетіндерін көрсетті. Әрі палестиналық қарсыластарына қарағанда бір-біріне пас беруден де асып түсті – 16-6. Сонымен қатар, қарсыласын 24 рет доптан айырылып қалуға мәжбүрледі.



Джастин Картер 4 рет үш ұпайлық соққысын дөп түсіріп, жалпы 23 ұпай еншіледі де, «Астананың» жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты. Энтони Клеммонс, Алесандр Жигулин, Анатолий Колесников сынды ойыншылардың әрқайсысы 9 ұпайдан еншілеп, олар да жеңіс жолында тер төкті.

«Астана» енді топтық кезеңдегі ойындарын Таиландтың «Моно вампир» клубымен тәмамдайды, ал «Сарейет Рамала» командасы топтан шығу мүмкіндігінен айырыла бастаған да секілді. 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»