ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
05.04.2025, 15:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
56:87
Негізгі уақыт
21:20 11:26 10:22 14:19
Ойын нөмірі:
Көрермен: 263
ПАРМА
Пермь

Аңдатпа: «Астана» – «Парма»

04.04.2025, 12:00    Просмотров: 131
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгінде «Парма» БК турнирлік кестеде сегізінші орында келеді, Евгений Пашутин шәкірттері 17 матчта жеңіске жетіп, 24 ойында жеңіліс тапқан. «Пари НН» командасының да көрсеткіші дәл осындай, бұл ұжым ұпай айырмашылығы бойынша пермілік клубтан алда келеді (-98 «Пари НН»:-175 «Парма»). «Парма» соңғы бес ойында екі жеңіске қол жеткізді. Пермілік клуб «Самара» (105:69) мен МБА-МАИ (90:86) ұжымдарынан мықтырақ болғанымен, «Уралмаштан» (80:76), ЦСКА (94:85) мен «Енисейден» (79:73) жеңіліс тапты.

Бірнеше матчтан кейін биылғы тұрақты маусым өз мәресіне жетеді, және жақында «Парманың» плей-индегі қарсыласы анықталады.

Бұл – ВТБ Бірыңғай Лигасы осымен екінші маусым өткізіп жатқан жаңа формат. Тұрақты чемпионатта 7-10 орын алған командалар шағын турнирде бақ сынайды. Плей-ин матчтары 16 және 19 сәуір күндері өтеді.

Қарсыластың көшбасшы ойыншылары

Нәтижелілік жағынан «Парма» сапында Гарретт Нэвэлс (16.7 ұпай + 3.9 пас) пен Стэнли Уиттакер (15.7 ұпай + 3.9 пас) көш бастап келеді. «Парманың» жаңа ойыншысы жаңа командасына сіңісіп үлгерді және әр ойын сайын тиімділік коэффициентін арттырып жүр. «Самараға» қарсы матчта ол допты тартып алу (8) бойынша маусым рекордын жасап, өз еншісіне 10 ұпай, 9 пас пен 5 рет допты алуды жазды.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 20 рет кездескен. 7 ойында «Астана», 13 кездесуде «Парма» жеңісті өз пайдасына жазған. Соңғы рет астаналық ұжым «Парманы» 2022 жылдың 13 қазанында 84:72 есебімен ұтты.

Қосымша ақпарат:

* Алдағы матчта Рустам Мурзагалиев маусымдағы 200-ұпайын еншілеуі мүмкін.  
* Данила Походяев тағы 15 рет допты алса, осы маусымдағы бұл көрсеткіштегі нәтижесін 200-ге жеткізеді.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Команданың күнтізбесі өте тығыз әрі Краснодардағы матчтан кейін елге жетуімізге шамамен тәулік кетеді. «Пармаға» қарсы матч алдында тек бір ғана жаттығу өткізіп үлгереміз. Ойынға жақсы физикалық жағдайда шығу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Матч: «Астана» — «Парма»
Күні мен уақыты: 5 сәуір, 15:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында

Сіздерден қолдау күтеміз!

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021