ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Самара
Самара
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
26.03.2025, 20:00 Ср
Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені (Самара)
72:74
Негізгі уақыт
16:24 22:16 16:16 18:18
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1320
Астана
Астана

Самара – Астана матчына аңдатпа

25.03.2025, 16:00    Просмотров: 387
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Биылғы маусымда «Самара» біздің командамыздың басты қарсыластарының бірі десек болады. Владислав Коновалов шәкірттері ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде 10-орында келеді (8-30). Самара қаласы командасы 1 ақпанда күтпеген жерден «Парманы» жеңіп, сенсация жасаған (86:78). Алайда команда содан кейін өткізген матчтарының бәрінде жеңіліс тауып келеді – ЦСКА (44:102), «Енисей» (74:86), «Уралмаш» (65:85), «Автодор» (74:90), «Зенит» (115:57), МБА-МАИ (99:60), «Локомотив» (100:46), «УНИКС» (120:64), «Пари НН» (85:45).

Жеңілістер сериясы «Самараның» толық құрамда ойнамауымен де байланысты болуы мүмкін. 1 ақпаннан бері жарақатына байланысты команданың негізгі ойыншысы Михаил Кулагин (осы маусым үшін 16.1 ұпай) құрамда болған жоқ. Аяғынан жарақат алған ойыншы оңалту процесін аяқтаған және ертеңгі матчта алаңға қайта оралуы мүмкін. «Самара» құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы бұған дейін де жазған едік: https://pbcastana.kz/ru/news/?id=5783

Қосымша ақпарат

• Дэниэл Утоми орталық алаңнан 3 соққы жасаса, осы маусымдағы 500-ұпайын еншілейді. Ал Григорий Мотовилов тағы 6 нәтижелі пас берсе, осы маусымдағы 100-ассистенттік ұпайын олжалайды.

Кездесулер тарихы

Командалар өзара 11 рет кездескен, оның жетеуінде «Самара», тағы төртеуінде «Астана» жеңіске жеткен. Соңғы рет астаналық ұжым «Самараны» 2025 жылдың 29 қаңтарында 75:67 есебімен ұтты.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

 «Бізді он бір күнге жалғасатын сырт алаңдағы ойындар сериясы күтіп тұр, алғашқы аялдамамыз – Самарада. Кедесуге дайындығымыз жоғары деңгейді. Ойынға құрған жоспарымызды, өз соққыларымызды орындап, қателік жібермесек, кездесуді өз пайдамызға аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар».

Матч: «Самара» – «Астана»
Күні мен уақыты: 26 наурыз, 20:00
Өтетін орны: Самара, «Дворец Спорта» СМК
Трансляция: клуб сайтында

Екінші жеңіс!

28.03.2025, 09:30    Просмотров: 436
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналық команда ойынды сәтті бастады, тіпті матчтың басынан бастап кездесу сәттілік қазақстандық ұжым жағында болды деп айтуға болады. Әдеттегідей шабуылдағы қарқынды Дэниэл Утоми өзінің дәл соққыларымен бастап берді, ал Дэниэл Утоми сақина астында тиімді ойнады. Ти Джей Старкс та шабуылдағы қарқынды бәсеңдеткен жоқ, осылай «Астана» есепте алға шықты — +8 + 12.

Алаң иелері екінші ширекті алғашқы он минуттықпен салыстырғанда жақсы өткізді, дегенмен біз «Самараға» қарсы тұра алдық және есепте алға озып кетпеуіне жол бермедік. Бұл ойында Владислав Коновалов шәкірттерінің алыстан жасаған соққылары діттеген жеріне дәл жетіп, екінші ширекте бұл көрсеткішті жақсарта түсті (Платонов, Голдырев, Амосов, Сопин). Ал біздің командамыз болса, жылдам шабуылмен және дәл пастармен (Мурзагалиев – Походяев, Мотовилов – Десятников) көзге түсті, ал екінші кезең Владислав Исаенконың үш ұпайлық соққысымен аяқталды. Екінші ширек «Самараның» пайдасына жазылғанымен, жалпы есепте біз +2 ұпай айырмашылығымен алда болдық.

Ойынның ең қызықты бөлігі кездесудің екінші жартысында болды. Матч соңына дейін классикалық баскетболды тамашаладық, себебі кездесудің екінші жартысында ойын көшбасшысы 12 рет алмасты. Көрермен шабуылға толы баскетболға куә болып, «Самара» мен «Астана» ойыншылары арасындағы теке-тіресті тамашалады – Сопин vs. Мотовилов, Походяев vs. Амосов, Десятников vs. Косяков. Қорытынды он минуттық шиеленіске толы болып, кездесу овертаймға ұласатындай болып көрінген. Алайда кездесудің аяқталуына 3.7 секунд қалғанда Дэниэл Утоми қарсыластың қателігін пайдаланып, екі айып соққысын сәтті орындады. Осылайша, команда маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қосымша ақпарат

• Данила Походяев маусымдағы ең нәтижелі ойынын қайталады – 18 ұпай.  
• Дэниэл Утоми маусымдағы 500-ұпайын еншіледі.
• Григорий Мотовилов тағы екі пас берсе, осы маусымдағы 100-нәтижелі пасты өз есебіне жазады.

 «Самара» – «Астана» 72:74 (16:24, 22:16, 16:16, 18:18)
«Астана»: Данила Походяев (18 ұпай + 7 рет допты алу), Дэниэл Утоми (13 ұпай), Ти Джей Старкс (12 ұпай + 5 рет допты алу + 5 пас), Григорий Мотовилов (9 ұпай + 4 пас), Андрей Десятников (8 ұпай).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— Клуб пен жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын. Үлкен еңбектің нәтижесінде келген жеңіс, қиын ойын. «Самара» команда құрамындағы қиындықтарға қарамастан, бүгін жақсы ойын көрсете білді. Қорғаныста жоспарға сай әрекет етпедік, шабуылда қиындықтарға тап болдық, үш ұпайлық соққылардың біразын жүзеге асырмадық. Ти Джей Старкс пен Григорий Мотовилов әлі де болса жарақаттарынан айығуда. Шәкірттерімнің ойын өрнегіне әрдайым көңілім толмайды, ойыншылар да, бапкер ретінде мен де бұдан жақсы ойын өрнегін көрсете аламыз деп ойлаймын.

Данила Походяев, «Астана» БК шабуылшысы:

 - Осы қиын маусымды бізбен бірге бастан өткеріп жатқан әр жанды жеңіспен құттықтаймын. Ойынға жеңіске жетеміз деген ниетпен дайындық жүргіздік. Нашар ойнап, жеңіске жету нашар ойын өрнегін көрсетіп, жеңіліс тапқанға қарағанда жақсырақ. Алдағы ойындарға дайындық жүргіземіз.
 «Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясындағы келесі матчын 30 наурызда МБА-МАИ командасына қарсы өткізеді.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1977 Клубтық түстері: көк, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені
Қала: Самара Сайт: https://bcsamara.com

Сипаттамасы

«Самара» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Самара қаласынан, 1977 жылы құрылған.

Жетістіктері:,
  • FIBA кубогының иегері — 2007
  • Суперлига-1 жеңімпазы — 2018/2019, 2020/202
  • Ресей Кубогының жеңімпазы — 2019/2020, 2021/2022