Үшінші ширекте жеңгенімізбен, бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болды
Ойындағы алғашқы қадамды алаң иелері жасап, екі сәтті шабуыл «Астананы» есепте алға шығарды. Самаралықтар ойынға баяу кіргенімен, екі ұпайлық соққыларды орындауда олардың асығы алшысынан түсті (52%:40%). «Астана» бірнеше рет ойынға қайта оралуға әрі есептегі он ұпай айырмашылықты қысқартуға талпынып көрді, бұған Данила Походяев пен Вадим Щербактың дәл соққылары көмектесті.
Екінші он минуттықта командаға орталық ойыншы Андрей Десятников өте көп көмектесті (матчтың бірінші жартысында 7 ұпай, орталық алаңнан соққы жасаудағы дәлдік көрсеткіші – 100%, қорғаныстағы сенімді ойын). Ойындағы Андрейдің қатысуымен өткен сәттердің бірі аптаның үздік ондығына кіруге әбден лайықты: Мағжан Сәрсенғалиевтің пасы мен оның жасаған аллей-уп слэмі. Дэниэл Утоми ширектің екінші жартысында команданы қолынан келгенше алға қарай сүйреді. Алайда қарсылас жақсырақ ойнады, бұған статистика да дәлел.
Дегенмен, үшінші ширекте Глеб Плотниковтің шәкірттері оңай беріле салмайтындығын көрсетті. Бұл он минуттықты «Астананың» осы маусымда өткізген ең үздік ширектерінің бірі деп айтуға болады. Команда ішіндегі өзара түсіністік артқаны көзге көрініп тұрды: екі орталық ойыншы Попов пен Десятников теке-тіресі көпшілік назарында болды. Оразбековтің дәл соққылары есеп айырмасын 10 ұпайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Кездесуде әрі қарай күрес жүргізу үшін «Астана» үшінші ширектегі қарқынын сақтап, қателік жібермеуге тырысып, қорғаныста тығыз ойын өрнегін көрсетуі керек болған. Бірақ бұл астаналықтардың қолыннан келмеді.
Алайда шабуылда Айтқали мен Утоми қуантты, Исаенко мен Походяев жақсы ойын сәтін көрсетті, ал матч ВТБ Бірыңғай Лигасындағы ең үздік кездесуін өткізген Александр Оразбековтің орындауындағы аккордпен аяқталды. Өкінішке қарай, самаралықтардан жеңілдік.
«Астана» — «Самара» 59:81 (12:25, 10:19, 24:18, 13:19)
«Астана»: Даниэл Утоми (17 ұпай, 7 рет допты алу), Андрей Десятников (11 ұпай, 5 рет допты алу), Александр Оразбеков (12 ұпай).
«Самара»: Илья Попов (15 ұпай, 5 рет допты алу), Антон Карданахишвили (14 ұпай), Глеб Голдырев (11 ұпай, 5 рет допты алу).
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
— Бүгін қорғаныста нашар ойнадық. Соны қарсылас пайдаланып, жазалады. Қорғаныста сегзі рет допты қарсыласыңа беріп қойсаң, көп қателессең, үш ұпайлық соққыларды орындау көрсеткішің 21% болса, матчта жеңіске жету мүмкін емес. Жұмыс істейміз, бүкіл матч бойы үшінші ширектегідей ойын өрнегін көрсету керек, қандай жағдай болмасын берілуге болмайды.
Андрей Десятников, “Астана” БК ойыншысы:
- Жеңіліс тапқаннан кейін, ұпайдың еш маңызы жоқ. Ойынға келген жанкүйерлерге рақмет. Бізге қолдау ауадай қажет. Бүгін шабуылда допты қарсыласқа көп беріп қойдық, қорғаныста наша ойнадық. Үшінші ширекте өзіміз көрсеткіміз келетін ойын деңгейіне жақын болдық, алайда бүгін де жеңіске жете алмадық.