Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2023
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Плей-офф Финал
11.02.2023, 17:00 Сн
Арена: AIROM ARENA (Атырау)
65:54
Негізгі уақыт
15:15 20:11 18:7 12:21
Ойын нөмірі: 12
Көрермен: 0
IRBIS Almaty
Алматы

Трофей бізде!

11.02.2023, 22:00    Просмотров: 443
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетболдан Қазақстан Кубогының он дүркін иегері атанды! Трофей Атыраудан Елордаға оралады.

Финалда алматылық IRBIS жеңілді. Матч шешуші жекпе-жекке лайықты шиеленісте өтті, алайда нәтижесінде Олег Киселев командасы 65:54 есебімен сенімді ұтты.

Команда капитаны Рустам Мырзағалиев турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Ертең «Астана» мерейтойлық трофеймен үйіне оралады. Ойыншыларды құттықтағысы келетін жанкүйерлер мен журналистер команданы елордалық әуежайда қарсы алады, борт Астанаға сағат 14:50-де қонады.

Барлық сұрақтар бойынша нөмір мына бойынша жазыңыз — +7 702 194 61 51 (Азат, клубтың медиа-офицері).

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2022 Клубтық түстері: қызыл сары, сұр
Мемлекет: Қазақстан Арена: СМС Болуан Шолак ат.
Қала: Алматы Сайт: https://www.instagram.com/bc_irbis

Сипаттамасы

«Irbis Almaty» («Ирбис Алматы») — NEF Qazaqstan қолдауымен 2022 жылы құрылған Алматы қаласының қазақстандық кәсіпқой ерлер баскетбол клубы. 2021/2022 маусымында клуб Жоғарғы лига чемпионы атанды, содан кейін «SC Qazaqstan» атауымен ойнады, ал 2022/2023 маусымында Ұлттық лигада жаңа атаумен дебют жасады.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасының жеңімпазы – 2021/2022.