ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
01.02.2023, 20:00 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
86:82
Негізгі уақыт
29:15 14:26 24:12 19:29
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 514
Минск
Минск

«Минскіні» тағы бір жеңдік!

01.02.2023, 22:00    Просмотров: 530
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатында «Минскіні» жеңді.

Бұл кездесу осы маусымдағы Қазақстан-Беларусь трилогиясының ең қызықтысы болды, командалардың әрқайсысы екі рет жеңіске жетті. Алдымен «Астана» бірінші бөліктен кейін Минсктен озық шықты, бірақ екінші кезеңде қонақтар жеңді. Біздің команда үшінші кезеңді жеңіп, басымдықты қайтарып алды, алайда финалдық он минут тағы да «Минск» жағына жүрді, бірақ Алексей Суховецкийдің командасына сәл жетпеді,«Астана» 86:82 есебімен ұтты. 

Матч қорытындысы бойынша қазақстандық команданың көшбасшылары Кваме Вон (22 ұпай), Валерий Лиходей (18 ұпай, 6 рет доп алу), Маркелл Джонсон (14 ұпай, 7 рет доп алу, 5 пас), Майкл Майерс (8 ұпай, 7 рет доп алу) болды.

Қарсылас сапында өз Йован Шливанчанин (21 ұпай, 8 доп алу), ДаКуан Брейси (17 ұпай, 6 пас, 3 тосқауыл), Зак Смит (14 ұпай, 6 доп), Дарол Эрнандес-Зиненко (10 ұпай, 8 доп алу).
 

«Ойын бірізді болған жоқ. Әр кезеңде әр команда едәуір басымдықпен жеңіске жетті. Өкінішке орай, қарсыласты қуып жетуге уақыт жетпеді. «Астана» бүгін алыстан өте жақсы шабуыл жасады, олар себет маңында агрессивті болды. Олар көп қателік жасаған соң, басымдық біз жаққа ауысты. Негізінде бізде жеңіске жету мүмкіндігі болды», — деді «Минск» бас бапкерінің міндетін атқарушы Алексей Суховецкий.

Командалар өздерінің шағын тобында бесінші және алтыншы сатыда қалады.

Енді Олег Киселевтің командасы Атырауға шығады, онда 6-11 ақпан аралығында Қазақстан Кубогі матчтары өтеді, содан кейін 15 ақпанда «Самарада» сынақ тапсырамыз. Келесі үй матчына келу үшін астаналық баскетбол жанкүйерлері көктем мезгілін күту керек.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2006 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Белоруссия Арена: Falcon Club
Қала: Минск Сайт: www.bc-tsmoki.by

Сипаттамасы

«Цмоки-Минск» – беларустің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Минск қаласынан, 2006 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Беларусь чемпионы – 2009/2021
  • Беларусь кубогының жеңімпазы – 2010/2021
  • Азовмаш Кубогының қола жүлдегері – 2010