ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
23.10.2022, 15:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
60:80
Негізгі уақыт
16:28 9:22 19:16 16:14
Ойын нөмірі:
Көрермен: 715
Пари Нижний Новгород
Нижний Новгород

«Нижний Новгородпен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

23.10.2022, 10:00    Просмотров: 635
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Нижний Новгород Париді» қабылдайды.

Біз сіздерге инфографика дайындадық, онда біз қарсылас туралы білу қажет барлық мәліметті жинадық.





«Бізге қорғаныс қағидаттары мен шабуылдағы сапалы іс — қимылдарға толық басымдық беру қажет»,
- деді «Астананың» бас бапкері Олег Киселев матч алдында.

Матч сағат 15:00-де «Сарыарқа» велотрегінде басталады. Команданы қолдауға келіңіз!

Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Үйдегі ойында «Нижний Новгородқа» жол бердік

23.10.2022, 17:00    Просмотров: 513
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының үй матчында «Нижний Новгородқа» жол берді. 

Қорытынды есеп — 60:80 Ресей командасының пайдасына.

«Астана» құрамында Майкл Майерс (17 ұпай, 6 рет допқа жету), Валерий Лиходей (8 ұпай), Дмитрий Гаврилов (7 ұпай, 6 рет допқа жету) үздік атанды.

Қарсыластар сапынан Иван Стребков (20 ұпай), Никола Йованович (18 ұпай, 8 доп) және Джермейн Лав (15 ұпай) озық шықты.
 

«Мен бүгін жеңіске жетудің маңызы зор деп айтар едім. Қосалқы құрамдағы кейбір ойыншылар бүгін ойнауға мүмкіндік алды. Бүгінгі ойында, Самарамен матчтағыдай, проблемалар көрінді. Өкінішке орай, мен мұны түсінбеймін. Баскетбол — бұл бір адам емес, команда ойнайтын ақылды ойын. Сондықтан ең бастысы — жеңіс, қалғанының бәрі бізді ойландырмайды», — деді «Нижний Новгородтың» бас бапкері Зоран Лукич ойыннан кейін.

Матч Валерий Лиходейдің туған күнінде өтті — форвард 36 жасқа толды. Көрермендер, олардың арасында бүгін ойынға қатыспаған елордалық клубтың баскетболшылары көңілді флешмоб ұйымдастырды.

Валерий Лиходей — БК Астана 2022/2023

Келесі матчты «Астана» 27 қазанда Самарада өткізеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Нагорный»
Қала: Нижний Новгород Сайт: www.nn-basket.ru

Сипаттамасы

«Пари Нижний Новгород» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктер:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011, 2018, 2019
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/2014
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/2014