Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXX Қазақстан Чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
23.03.2022, 19:30 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
88:41
Негізгі уақыт
29:13 20:12 21:2 18:14
Ойын нөмірі: 45
Көрермен: 0
Каспий
Ақтау

«Астана» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдайды

22.03.2022, 10:00    Просмотров: 305
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

23 және 24 наурыз күндері «Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига аясындағы кезекті ойындарын өткізіп, өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубымен додаға түседі. Матч «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді, басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан. 2008 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017


Каспий баскетбол клубы 2021/2022

«Астана» маусым басында Ақтау командасымен кездесіп, түздегі қос ойынын өткізген. Әрі алаң иелеріне ешқандай да мүмкіндік бермей екі рет ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» өз алаңында «Каспийді» күйрете жеңді

24.03.2022, 10:00    Просмотров: 324
Источник: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Каспий” Ұлттық лига маусымында үшінші рет додаға түсті. Турнир кестесінде ақтаулық қарсыластарынан әлдеқайда ұзап кеткен астана командасы бұл ойында айқын фаворит болып есептелді.

Ойын барысы: “Астана” көп күттірмей-ақ, бірінші минуттардан бастап ойын тізгінін өз қолына алды. Тіпті бірінші кезең бел ортасына жетпей, олар жиырма ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Алайда, “Каспий” бірінші кезеңнің екінші жартысында еңсе тіктеп, есепті біршама қысқартты. Десек те, олар алғашқы кезеңде оңбай ұтылды – 29:16. Екінші кезеңде де алаң иелері айылдарын жиған жоқ. Әрі есеп айырмасын қайтадан жиырма ұпайға жеткізді, кезең соңында одан да арттыра түсті. Ақтау командасы бұл кезеңнің екінші жартысында да ұтылып, есеп айырмасы жиырма төрт ұпайға дейін ұлғайды – 49:25. Шығыршық ауыстырғаннан кейін бастапқы бес минут өте нәтижесіз өтті. Астана ұжымы небәрі төрт ұпай еншілесе, “Каспий” соның жартысын ғана қанағат тұтты. Бұл кезеңнің қалған уақытында ақтаулықтар бірде-бір ұпай еншілей алмай, ал “Астана” көсіле сілтеп, соңғы онминуттық қарсаңында тым алысқа ұзап кетті – 70:27. Осылай, дода көрігі әбден суып, алаң иелерінің жеңісті енді уыстарынан шығармасы әлдеқашан белгілі болды. Сөйтіп, астана командасы ойынды ірі жеңіспен тәмамдап, екі еседен астам есеп айырмасымен үстем түсті — 88:41.

Маңызды сәт: “Астана” матчты аса жоғары қарқында бастап, суырылып алға шықты да (22:2), бұдан кейін ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ.

Матч үздігі: Скайлар Спенсер алаңда жиырма минуттан да аз ойнап, осы уақыт ішінде дабл-дабл авторы атанып үлгерді.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Астана»: Скайлар Спенсер (14 ұпай, 11 рет доп қағып алды, 2 рет допты тартып алды, 1 блокшот), Рустам Мырзағалиев (12 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 4 пас, 2 рет допты тартып алды), Руслан Айтқали (12 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 3 пас, 3 рет допты тартып алды).
  • «Каспий»: Семен Пинаев (12 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 1 блокшот), Аймұрат Сәткеев (9 ұпай, 4 рет доп қағып алды), Константин Нефф (7 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 1 блокшот).

Салдары: “Астана” турнир кестесінің бірініш сатысына мейілінше жайғаса түсті, ал “Каспий” қалған командалардың бәріне қалып қойды.

Келесі ойын: Ертең, 24 наурыз күні, “Астана” мен “Каспий” арасындағы қос кездесудің екіншісі өтеді. Ойын Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында, астана уақытымен 19:30-да басталады.
 

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: Халық Арена
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий