Жолдастық кездесу
СиБЕТ
Йонава
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
16.09.2021, 20:00 Бс
Арена: Йонава Спортс Арена (Йонава)
87:82
Негізгі уақыт
14:22 29:14 22:25 22:21
Ойын нөмірі:
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» үшінші жолдастық кездесуде Литваның «СиБет» командасына есе жіберді

16.09.2021, 22:15    Просмотров: 251
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Литвада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында үшінші жолдастық кездесуін өткізді. Бұл ойында Қазақстан ұжымының қарсыласы Йонава қаласының «СиБет» командасы болды.

Йонава қаласы клубының шежіресі – өте бай. Ресми түрде бұл ұжым сонау, 1969 жылы құрылған. Бірақ мақтан тұтар жетістіктері жоққа тән. Соңғы екі онжылдықта олар Литваның екінші баскетбол лигасында өнер көрсетіп жүр. LKAL лигасында олар үш рет күміс, екі рет қола жүлдеге ие болған. Алайда соңғы он жылда елеулі жетістіктерге қол жеткізген емес. Бірақ былтыр олар екінші лигада топ жарды, енді алдағы маусымда Литва чемпионатында бақ сынайтын болады. Литва командасы биылдан бастап “СиБет” деп аталатын болды. Бұл – команда демеушісінің атауы. “Астана” бұған дейін “СиБет” командасымен кездескен, бірақ ол мүлде басқа команда болатын – Пренай қаласынан, биылғы маусымда “Лабас ГАЗ” деп аталатын ұжым, әрі біздің команда олармен биылғы ОЖЖ аясында кездескен. Ал Йонава қаласы ұжымымен “Астана” өз тарихында бірінші рет кездесіп отыр.

Ойынның басында Дарко Руссо шәкірттері ширақ қимыдады, әрі бес минут ойын уақытынан кейін олар 6 ұпай айырмасымен алда тұрды. Ал бірінші кезеңнің соңына дейін астана басымдығы 8 ұпайға дейін ұлғайды – 14:22. Екінші кезеңде ойын өрнегі біршама теңесті. Литва ұжымы тіпті есеп айырмасын аз да болса, дәлірек айтқанда, екі ұпайға қысқартты. Содан үлкен үзіліске дейінгі бес минутта Литва баскетболшылары көсіле сілтеді. Йонава командасы осы уақыт аралығында «–6» ұпай айырманы «+7» ұпай басымдыққа айналдырып үлгерді. Сөйтіп, екінші кезеңде басымдық танытты, жалпы есеп – 43:36. Үшінші кезеңнің бірінші жартысында “Астана” есеп айырмасын 4 ұпайға қысқартты. Алайда соңғы кезеңге дейін бұдан артық ештеңе істей алмады – 65:61. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда дода көрігі мейілінгше қыза түсті. Екі команданың арасын тек 2 ұпай бөліп тұрды.  Алайда Литва командасы дес бермеді. Әрі матч соңында “Астананың” ойын өрнегі үйлеспей қойды. Сөйтіп, сары-көкшіл жейделілер бұл ойында жеңілістің кермек дәмін татты – 82:87.

Біздің команда шығыршық түбінде үстемдік танытып, қарсыласынан асып түсті. Қайтқан допты қағып алу көрсеткіші 16 допқа артық болды. Сондай-ақ Қазақ елі командасының қарсыласынан допты тартып алу көрсеткіші де литвалықтардан әлдеқайда асып түсті – 9 допқа. Әйтсе де, бұл екеуі де жеңіске жетуге жеткілікті болмады. Себеп – лақтырған доптарының бәрін дәл түсіре алмау. Әрі ойын ережесін бұзу әрекеттері де көп болды. Соның нәтижесінде, литвалықтар айып сызығынан 9 ұпай артық еншіледі. Жекелей статистика бойынша Джайлен Барфорд осы ойында ең көп ұпай еншілеген ойыншы болды. Ол 39 ұпай жинап, 5 рет доп қағып алды. Сондай-ақ Энтони Хикки де ерекше көзге түсті – 24 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 5 пас және 7 рет допты тартып алды. Скайлар Спенсер өз еншісіне 6 ұпай қосып, 11 рет доп қағып алды.

Матчтың статистикалық деректері мына сілтемеде.


«Астана» КБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі мен нәтижелері:

  • 9 қыркүйек — «Juventus», Утена — 58:91
  • 11 қыркүйек — «Labas GAS», Пренай — 62:62
  • 17 қыркүйек — «CBet», Ионава — 82:87
  • 18 қыркүйек — VEF, Рига

Сонымен қатар, біздің жігіттер 13 және 14 қыркүйек күндері Паневежис қаласында өткен, маусым алдындағы Раймундо Саргуно кубогы додасына қатысып, күміс жүлдеге ие болды. Жартылай финалда олар Латвияның «Ogre» командасын тізе бүктірді – 77:66. Ал финалда турнир қожайындары «Лиеткабелис» командасына есе жіберіп алды — 71:82.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1969 Клубтық түстері:
Мемлекет: Литва Арена: Йонава Спортс Арена
Қала: Йонава Сайт:

Сипаттамасы