Жолдастық кездесу
Лабас ГАЗ
Пренай
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
11.09.2021, 21:00 Сн
Арена: Никщио Намай Спортс Холл (Аникщяй)
62:62
Негізгі уақыт
9:17 22:14 8:15 23:16
Ойын нөмірі:
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Литваның «Лабас ГАЗ» командасымен жолдастық кездесуде тең түсті

11.09.2021, 23:30    Просмотров: 261
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Литвада оқу-жаттығу жиыны аясындағы жолдастық кездесулерін сабақтай түсті. Біздің команданың екінші қарсыласы Литваның «Лабас ГАЗ» (Пренай) командасы болды.

Бұл команданың “Лабас ГАЗ” деген қазіргі атауы, биыл ғана, жаңа демеушісі келісімен өзгертілді. Принай клубы өз тарихында әртүрді демеушілермен ынтымақтастықта болып, атауын да жиі өзгертіп келеді. Бұған дейін бұл ұжым “Рудупис”, “ТониБет”, “Вытаутас”, “Скайкоп” және “СиБет” деп аталған. Бірақ үнемі өзі іргесін көтерген қаламен ассоцияланып, баламалы түрде “Пренай” БК деп те аталған. Команда Литваның ең жоғарғы баскетбол лигасында тұрақты түрде өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ, принайлықтар Балтық лигасында бақ сынап, онда 2016/2017 жылдар маусымында топ жарған. Әрі Еуро кубоктар додасында және Европаның Чемпиондары лигасында өнер көрсеткен. Пренай командасы былтырғы маусымда Литва кубогының ширек финалына дейін жетіп, Литва лигасында бесінші орынға ие болды. Қазақстан мен Литваның бұл командасының ресми турнирлерде жолдары әлі түйіскен емес. Бірақ бес рет жолдастық кездесу өткізді. Литва командасы “Вытаутас” ретінде “Астанамен” 2 рет додаға түскен – 2016 және 2017 жылдары. Ал 2018 жылы бұл ұжым “Скайкоп” деп аталып, “Астанамен” тағы да екі рет кездескен болатын. 2019 жылы да бір ойын өткізген, бірақ ол кезде литвалық ұжым “СиБет” деп аталған. “Астана” осы бес ойынның үшеуінде жеңіске жеткен-тін.

Ойын баяу қарқында басталып, бастапқы бес минутта біздің команда не бәрі 9 ұпай еншіледі, ал қарсыласымыз тіпті 4 ұпайды ғана көңілге медеу тұтты. “Астана” бірінші кезеңнің аяғына дейін де басымдық танытып, біршама ұзай түсті – 9:17. Екінші кезеңнің басы Қазақстан командасы үшін өте сәтсіз өтті. Біздің жігіттер бес минутта өз еншілеріне бір ұпай ғана қосты. Ал “Лабас ГАЗ” командасының жігіттері осы бес минутты өте нәтижелі өткізіп, бірінші кезеңдегі ұпай қорларынан да асырып, 14 ұпай олжалады. Әрі алға да шықты. Алайда, Дарко Руссоның шәкірттері үлкен үзіліске дейін таразы басын теңестіріп, ойынның бірінші жартысы тең аяқталды – 31:31. Он бес минуттық үзілістен кейін командалар қайтадан нәтижелі ойын өрнегін көрсете алмай, бес минутта литвалықтар 3 ұпай, ал қазақстандықтар 7 ұпай еншіледі. Үшінші онминуттықтың соңына дейін астана ойыншылары өз еншілеріне тағы да 8 ұпай. ал “Лабас ГАЗ” тек 5 ұпай қосты. Осылай, соңғы кезең алдында біздің команда 7 ұпай айырмасымен алда тұрды – 39:46. Төртінші кезеңнің басында біздің жігіттердің шабуылдары үйлесіңкіремей, бес минутта бес ұпай ғана еншіледі. Бірақ қарсыласымыздың да алғы шепте бағы жана қоймай, небәрі 3 ұпаймен шектелді. Осылай, матчтың аяқталуына бес минут уақыт қалғанда, “Астана” 9 ұпай айырмасымен ұтып жатқан. Алайда литвалықтар намысты қолдан бермей, соңғы бес минутта қарқындарын үдете түсті. Олар осы бес минутта 20 ұпай еншілеп, құйындай орап соқты. Ал “Астана” өз қоржынына 11 ұпай қосты. Сөйтіп, тартысты ойын тең нәтижемен аятқалды – 62:62.



Әрине, “Астананың”  бұл ойында жеңісті уысынан шығарып алып, тең түскені, өкінішті. Бірақ мұның жолдастық кездесу екенін есімізден шығармайық. Екі команда да өзінің жаңарған құрамдарын шыңдай түсіп, әртүрлі ойын өрнектерін жетілдіруге тырысты. “Астана” сапында ең көп ұпай жинаған ойыншы Джейлен Барфорд болды – 16 ұпай және 4 рет доп қағып алды, ал ең тиімді ойыншы Скайлар Спенсер болды – 6 ұпай және 9 рет доп қағып алды. Николай Бажин 9 ұпай еншілеп, 3 рет доп қағып алды. Энтони Хикки мен Марк Тихоненко 8 ұпайдан жинады. Әрі Энтони 3 рет доп қағып алып, 7 пас берсе, Марк 2 пас беріп, 7 рет доп қағып алды.

Матчтың статистикалық деректері мына сілтемеде.
 


«Астана» КБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі мен нәтижелері:

  • 9 қыркүйек — «Juventus», Утена — 58:91
  • 11 қыркүйек — «Labas GAS», Пренай — 62:62
  • 17 қыркүйек — «CBet», Ионава
  • 18 қыркүйек — VEF, Рига


Сонымен қатар, біздің жігіттер 13 және 14 қыркүйек күндері Паневежис қаласында өтетін маусым алдындағы Раймундо Саргуно кубогы додасына қатысады. Бірінші күні, жартылай финалдық кезеңде, «Ogre» командасымен кездеседі. Ал бас бәйгені немесе үшінші орынды турнир қожайындары «Lietkabelis» клубымен немесе Эстонияның «Parnu» командасымен сарапқа салатын болады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1994 Клубтық түстері:
Мемлекет: Литва Арена: Пренай Арена
Қала: Пренай Сайт: https://bcprienai.lt

Сипаттамасы