Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXIX Қазақстан чемпионаты
Астана
Нұр-Сұлтан
Ұлттық лига, Плей-офф 1/2 финалы
30.04.2021, 19:30 Жм
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Нұр-Сұлтан)
85:52
Негізгі уақыт
25:11 23:13 17:14 20:14
Ойын нөмірі: 5
Көрермен: 0
Каспий
Ақтау

«Астаны» Ұлттық лиганың жартылай финалында «Каспийден» үстем түсті

01.05.2021, 10:00    Просмотров: 29
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының қарсыласы үш рет ұтылып, Ақтауға қайтты. Ал біздің жігіттер Ұлттық лиганың финалында бақ сынайтын болады!

Біздің Оярс Силиньш осы матчта бірінші болып доп салған ойыншы болды. Бірінші кезеңде біздің команданың ұпай қорын негізінен екі ойыншы ғана толықтырып отырды. Оярстан бөлек, Максим Марчук доп салды. 6 минут ойын уақытында Оярс 7 ұпай олжалады, ал Максим өз есебіне 8 ұпай жазды. Ал “Каспий” болса, біздің команданың шығыршығына ойынның екінші минутынан кейін ғана доп салды, әрі намысты қолдан бермеуге тырысты. Бірақ Вадим Щербактың нәтижелі шабуылынан кейін есеп айырмасы екі таңбалы санға жетті. Бірінші онминуттықтың соңына дейін «Астананың» ұпай қорын Николай Бажин, Рустам Мырзағалиев және Дмитрий Гаврилов толықтыра түсті. Сөйтіп, біздің команда бірінші он минут ойын уақытынан кейін 14 ұпай айырмасымен ұтып жатты – 11:25. “Астананың” үстемдік танытуы екінші кезеңде де жалғаса түсті. Ал “Каспий” әрбір минут сайын құйрық үзіп, қала берді. Бұл кезеңнің бірінші жартысында, біздің жігіттер тек үш ұпайлық доға сыртынан доп салумен болды. Рас, Гаврилов пен Щербак екі мәрте қоржынымызды нәтижелі ұпайлармен толықтырды, бірақ оларды айып соққыларынан еншіледі. Ал алыстан мергендік танытқандар Роберт Пан мен Руслан Айтқали еді, Антон Пономарев болса, үш мәрте үшұпайлық соққысын дөп түсірді. Бұл уақытта астана командасының басымдығы 20 ұпайға жетті. Кезең тек бел ортасына жеткен болатын. Үлкен үзіліске дейін Максим Марчук пен Асқар Майдекин екі ұпайдан олжалады. Сондай-ақ, Джеремайя Хилл осы ойындағы алғашқы добын салды. Матчтың бірінші жартысы аяқталғанда “Каспий” біздің командадан біршама қара үзіп қалып, екі есе есеппен ұтылып жатты – 24:48.

Максим Марчук

Үшінші кезеңнің бірінші жартысы қонақтарымыз үшін өте сәтсіз болды. Олар біздің қорғанысымызды бұзып өтіп, доп сала алмай, сергелдеңге түсті. Тек кезеңнің ортасына қарай, ақтаулықтар бір шабуылдарын нәтижелі аяқтады. Ал осы уақыт ішінде біздің жігіттер қонақтардың шығыршығына бірнеше доп салды. Үшінші кезеңнің басында ақтаулықтарға көп қауіп төндірген Роберт Пан болды. Сондай-ақ, біздің команда сапынан Николай Бажин, Рустам Мырзағалиев және Джеремайя Хилл доп салып, астаналық гандикап 35 ұпайға жетті. Үшінші кезеңнің екінші жартысында, “Каспий” жаттықтырушылары алған тайм-ауттан соң, біздің командаға доп салу қиынға түсті. Бес минутқа жуық уақытта біздің команданың қоржыны үш ұпайға ғана артты. Ал “Каспий” есеп айырмасын сәл де болса қысқартып, соңғы кезең қарсаңында 27 ұпай айырмасымен ұтылып жатты – 38:65. Егер бұған дейінгі екі ойынның нәтижелелеріне зер салар болсақ, онда үш кезеңнен кейін “Астананың” 27-28 ұпай айырмасымен ұтып жатқандарын байқауға болады. Осылайша, «Астана» үшінші матчта өз жетістігін қайталады. Әрі төртінші кезеңде біздің команданың ешқандай қиындыққа тап болмасы да белгілі еді. Біздің жігіттер ойын тізгінін уыстарынан шығармай, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда 30 ұпай есеп айырмасымен алда тұрды. Ойынның аяғы тең дәрежеде өтті. “Астана” осы ойындағы және жартылай финалдық кезеңдегі жеңісіне адымдай түсті.   Соңғы минутта Андрей Литвиненко да доп салып, бұл ойында біздің ойыншылардың бәрі де ұпай олжалады. Ал команда тағы да ірі жеңіске қол жеткізді – 52:85.

Салдары: «Астана» жартылай финалдық кезеңде «Каспийді» үш рет қатарынан ұтып, финалға шықты. Шешуші матчта біздің команда «Атырау Барыстары» мен «Тобыл» арасындағы екінші жартылай финалдық жұпта жеңіске жеткен ұжыммен додаға түседі. Әзірше бұл додада атыраулықтар 2:0 есебімен алда келеді.

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – бүгін де біздің ойыншылардың бәрі ұпай еншіледі. Ең тиімдісі Джеремайя Хилл болды – 6 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 7 пас, 1 блокшот. Ең көп ұпай жинаған Антон Пономарев болып шықты – 11 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 2 блокшот. Максим Марчук 10 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алды және 2 рет допты тартып әкетті. Николай Бажин 10 ұпай жинап, 3 рет доп қағып алды. Роберт Пан мен Оярс Силиньш 9 ұпайдан олжалады.
  • «Каспий» – ақтаулықтар сапында бүгін Данил Давлетбаев үздік болды – 11 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 7 пас және 2 рет допты тартып әкетті. Ал Денис Орленко 10 ұпай жинап, 3 рет доп қағып алды және 4 блокшот.


Келесі матч: Финалдық доданың алғашқы екі ойыны 10 және 11 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда өтетін болып белгіленген. Біздің команданың шешуші кезеңдегі қарсыласы екінші жартылай финалдағы «Тобыл» және «Атырау Барыстары» арасындағы додада анықталады.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: СК «Батыр»
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий