Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXIX Қазақстан чемпионаты
Ақтөбе
Ақтөбе
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
07.02.2021, 17:00 Жс
Арена: СС «Қоныс» (Ақтөбе)
80:102
Негізгі уақыт
10:24 17:26 33:37 20:15
Ойын нөмірі: 54
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Ақтөбеден екі жеңіспен оралды

08.02.2021, 10:00    Просмотров: 271
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының барлық жанкүйерлерін Ақтөбеге барған сапарының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз. Екінші матчта алаң иелері тағы да сары-көкшіл жейделілермен тайталаса алмады. Кешегі ірі жеңістен кейін елорда командасының жеңіске жететіндігіне күмән келтіру мүмкін емес еді, әрі іс жүзінде солай болып шықты. Бүгін Эмиль Райкович қазақстандықтарға көмектессін деген ниетпен, алаңға тағы да Девин Марбл мен Мартиньш Мейерсті шығарды.

Бірінші болып алаң иелері ұпай еншіледі, ал “Астана” алғашқы екі минутта қарсыласының шығыршығына доп сала алмай, дал болды. Біздің команданың алғашқы ұпайын, ойынның үшінші минутында, Мартиньш Мейерс еншіледі. Ал екі минутқа да жетпейтін уақыттан соң ол біздің ұжымды алға шығарды. Алаң иелері бұл ойында тайталасты-ақ, бірақ астана ойыншыларына бәрібір төтеп бере алмады. Бірінші кезеңнің аяқталуына үш минут қалғанда Николай Бажин үш ұпайлық дәл соққысымен есеп айырмасын екі таңбалы санға жеткізді. Соңғы секундтарда Руслан Айтқали ерекше көзге түсіп, астаналықтардың екі шабуылын нәтижелі аяқтады. Әрі осы кезеңнің нүктесін қойды – 10:24. Екінші кезеңде біздің команда өз ойын өрнегінен жаңылған жоқ. Алаң иелері қолдарынан келгенше тайталасып бақты, бірақ есеп айырмасын қысқарта түсерліктей серпіліс жасай алмады. Керісінше, “Астананың” басымдығы біртіндеп ұлғая берді. Матчтың бірінші жартысының аяқталуына үш жарым минут қалғанда Антон Пономарев біздің құйрық үзген басымдығымызды үшінші ондыққа жеткізді. Ал екінші кезеңдегі соңғы ұпайларды өз есебіне Роберт Пан жазды – 27:50.

Андрей Литвиненко

Үлкен үзілістен кейін ойын қарқыны едәуір арта түсті. Әрі екі команданың да нәтижеліліктері өсіп, алаңда ашық баскетбол додасы өрбіді. Командалар алма-кезек шабуылдап, бір-бірінен қалысқан жоқ. Ал есеп айырмасы 25 ұпай шамасында сақталып тұрды. Үшінші кезеңнің алтыншы минутында, Николай Бажиннің үш ұпайлық добынан кейін, “Астана” есе айырмасы бойынша, бұл ойында бірінші рет отыз ұпай межесіне жетті. Бірақ үш кезеңнен кейін біздің команда 27 ұпай айырмасымен ұтып жатты – 60:87. Осы ретте айта кеткеніміз жөн болар, үшінші онминуттықта командалар екеуі бірлесе 70 ұпай еншіледі. Алаң иелері бұл кезеңде де ұтылып қалғандарымен, бұған дейінгі екі кезеңдегі ұпайларын қосқандағыдан да көп ұпай олжалады. Соңғы кезеңнің алдында “Астананың” басымдығы тым алшақ еді. Әрі жеңіс те жүз пайыздай ықтималдықпен олардың қолында болды. Мұндай алшақ есеп айырмасы төртінші кезеңде сәл босаңсуға ұласты және нәтижелілік те едәуір төмендеп кетті. Осылай ойын жылжып өтіп жатты, ал есеп айырмасы матчтың аяқталуына бес минут қалғанда 25 ұпай болып тұрды. “Астана” соңғы минутта тағы да жүз ұпайлық межені еңсеріп, тағы да ірі жеңіске қол жеткізді. Ал алаң иелерінің нәтижесі бүгін кешегіден көш ілгері болды – 80:102.

Салдары: “Астана” енді маусымның негізгі додасындағы кейінге шегерілген 4 ойынын өткізеді. Елорда командасының көшбасындағы орнына бұл ойындардың әсер етуі екіталай. Ал “Ақтөбеге” қалған ойындарда турнир кестесіндегі соғы орыннан жоғары өрлеу өте қиын болады.

Роберт Пан

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Ақтөбе» – алаң иелерінің үздік ойыншылары: Василий Петришинец – 18 ұпай, 7 рет доп қағып алды және Әмір Әзизов 19 ұпай, 3 рет допты тартып әкетті.
  • «Астана» – тағы да біздің ойыншылардың бәрі ұпай еншіледі. Ең үздігі Рустам Мырзағалиев – 21 ұпай және 8 пас. Николай Бажин 17 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алды және 4 пас берді. Вадим Щербак өз еншісіне 13 ұпай жазды. Роберт Пан 9 ұпай олжалап, 5 рет доп қағып алды және 4 пас берді. Руслан Айтқали мен Асқар Майдекин 8 ұпайдан жинады, әрі екеуі де 6 рет доп қағып алды.


Келесі матч: 2021 жылғы құрлық біріншілігі іріктеу турнирінің шешуші матчтарын өткізу жоспарланған іркіліске дейін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Мәскеу облысының «Химкиімен» өз алаңындағы қарымта матчын өткізіп үлгереді. Ал Ұлттық лига күнтізбесіндегі «Тобыл» және «Атырау Барыстарымен» кейінге шегерілген қосарлы ойындарының қашан, қай күндері өтетіндігі әлі белгісіз.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2017 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: СС «Қоныс»
Қала: Ақтөбе Сайт: https://www.instagram.com/bk_aqtobe

Сипаттамасы

«Ақтөбе» – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасының жеңімпазы – 2018/2019
  • Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасының қола жүлдегері – 2021/2022
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері – 2022

Команданың жалпы суреті

Ақтөбе