Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXIX Қазақстан чемпионаты
Каспий
Ақтау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
23.11.2020, 18:00 Дс
Арена: СК «Батыр» (Ақтау)
75:90
Негізгі уақыт
21:21 21:29 16:22 17:18
Ойын нөмірі: 19
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Ақтаудан жеңіліссіз оралды

24.11.2020, 10:00    Просмотров: 470
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының командасы Каспий жағасынан екі ірі жеңіс өңгеріп қайтты. Түзде өткен екінші матчта Эмиль Райковичтің шәкірттері тізгіндерін тартса да, Ақату командасы бәрібір біздің жігіттердің қарқындарына төтеп бере алмады. Легионерлерден алаңға тағы да  Джеремайя Хилл мен Девин Марбл шықты.

Осыдан бір күн бұрынғы матчтың бірінші кезеңі біздің команданың орындауында өте нәтижелі болған. Ал екінші ойын мүлде басқаша сценарийде өрбіді. Бұл ойында есепті алаң иелері ашты, ал “Астанаға” ұпай еншілеу үшін екі минут қажет болды. Команда қоржынына бірінші ұрпйларды Девин Марбл салды. Бұдан кейін біздің команда алға қарай лап қойды – дәл осы Девин үш рет қатарынан үш ұпайлық соққыларын шығыршыққа дөп түсірді. Ақтау командасы біздің жігіттердің қара үзіп кетулеріне жол бермей, тайталасумен болды. “Астана” Антон Пономаревтің үш ұпайлық добынан соң он ұпай айырмасымен ұтып жатса да, соңғы үш жарым минутта біздің жігіттер бірде-бір шабуылын сәтті аяқтай алмады. “Каспий”, керісінше, осы минуттарда жіті қимылдап, он ұпай еншіледі. Осылай, бірінші кезең тең аяқталды – 21:21. Екінші кезеңде алаң иелері табан тіресе тайталасты. Асқар Майдекин біздің команданы тағы да алға шығарған, іле-шала ақтаулықтар таразы басын теңестірді. Біздің жігіттер сәл ғана басымдықты уыстарынан шығармай, ұстап тұрды. Бірақ “Каспий” лайықты деңгейде қарсылық көрсетіп, кезеңнің орта түсында қайтадан есепті теңестірді. Әйтсе де, матчтың бірінші жартысының соңына дейін астана командасы тиімдірек ойын үлгісін көрсетіп, кездесудің бірінші бөлігінде басым түсті. Бірақ командалардың арасын аз ғана ұпай бөліп тұрды – 42:50.

Рустам Мурзагалиев

Үлкен үзілістен кейін тең дәрежедегі дода одан әрі жалғасты. Үшінші кезеңде Эмиль Райковичтің командасы ойын тізгінін өз қолдарына ала алмады. “Каспий” өрнекті ойын үлгісін көрсетті, бірақ “Астана” алда болды. Үшінші онминуттықтың ортасында біздің жігіттер небәрі 6 ұпай айырмасымен озық тұрды. Бұдан кейін Дмитрий Гаврилов пен Девин Марбл біздің команданы алға сүйреп, екеуі 13 ұпай еншіледі. Бұған Рустам Мырзағалиевтің үш ұпайлық добын қоссақ, “Астана” отыз минут ойын уақытынан кейін алаң иелерін он төрт ұпай айырмасымен ұтып жатты – 58:72. “Каспий” сонда да тайсалмай, аянбай қарсыласты және төртінші кезеңде доп додасын қыздыра түсе жаздады. Ойынның соңғы ширек бөлігі басталғанда Ақтау командасы допты алыстан дөп түсірді. Бірақ бұдан кейін бес минут бойы ұпай еншілей алмай, дал болды. Ал “Астана” болса, шабуылдағы өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ, әрі қорғаныста сауатты ойнады. Антон Пономарев төртінші кезеңнің экваторында астана басымдығын 21 ұпайға жеткізді. Шыны керек, бұл біздің команданың жеңіске жетуіне молынан жетті. Соңғы бес минутта алаң иелері өте ширақ қимылдады, бірақ “Астана” емін-еркін көсіле сілтеп, жеңісті уысынан шығарған жоқ – 75:90.

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Каспий» – “каспийліктердің” америкалық легионы бүгін мейілінше көзге түсті. Колин Доэрти кезекті рет команда көшбасшысы болып, 30 ұпай еншіледі және 9 нәтижелі пас орындады. Ал Юджин Артисон 20 ұпай еншілеп, 9 рет доп қағып алды.
  • «Астана» – бүгін Девин Марбл құйындай орап соғып, 34 ұпай еншіледі, 6 рет доп қағып алды және 5 рет допты “қиып” әкетті. Джеремайя Хилл 11 ұпай жинады, 8 пас беріп, 3 рет допты “қиып” әкетті. Дмитрий Гаврилов 12 ұпай олжалап, 4 рет доп қағып алды. Команда капитаны Рустам Мырзағалиев өз еншісіне 13 ұпай жазды.


Салдары: «Астана» биылғы маусымда жеңілістің кермек дәмін әлі татпай, турнир кестесінің бірінші сатысына жайғасты, ал «Каспий» соңғы орыннан тапжылмай қалды.

Келесі матч: Ақтаудан оралған соң, біздің команда екі аптаға жуық уақыт бойы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Нижний Новгород» клубымен өз алаңында өтетін ойынға дайындалады. Бұл матч 5 желтоқсанға жоспарланып отыр. Ал Ұлттық лигадағы «Астананың» келесі қарсыласы – «Алматы Легионы». Олармен біздің жігіттер 8 және 9 желтоқсан күндері оңтүстік астанада додаға түседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: Халық Арена
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий