Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXX Қазақстан чемпионаты
Атырау Барыстары
Атырау
Ұлттық лига, Плей-офф Финал
10.05.2022, 18:00 Сс
Арена: Jysan Arena (Атырау)
64:70
Негізгі уақыт
15:20 15:11 17:27 17:12
Ойын нөмірі: 12
Көрермен: 0
Астана
Нұр-Сұлтан

«Астананың» Ұлттық лигада оныншы рет чемпион атануына бір жеңіс қалды

09.05.2022, 13:00    Просмотров: 32
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Нұр-Сұлтанда өткен финалдық кезеңнің алғашқы екі матчында жеңіске жеткен «Астана» баскетбол клубының Ұлттық лигада оныншы рет чемпион атануына бір жеңіс қана жетпей тұр.

Финалдық кезеңдегі үшінші және қажет болса, соңғы төртінші матчтарды, 10 және 11 мамыр күндері Атыраудағы «Jusan» алаңында өткізу жоспарланған. Үшінші матчтың басталуы – астана уақытымен 18:00-де. Ал төртінші ойын 11 мамыр күні, сол жерде, астана уақытымен 20:00-де өтеді. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі – pbcastana.kz.

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Атырау қаласынан. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының, Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының күш-жігерімен құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017
  • Жоғары лига жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021


Барсы Атырау баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» оныншы рет Ұлттық лига чемпионы атанды

11.05.2022, 10:00    Просмотров: 230
Источник: ҰБФ ҚР
Автор:

Финалдық кезеңдегі, Атырауда өткен үшінші матчта “Астана” Ұлттық лиганың чемпионы атағын қорғап қалып, “Атырау Барыстарын” кезекті рет күміс жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр етті.

Ойын барысы: Ойын басталған бетте командалар алыстан лақтырған екі дәл соққыларымен алмасты. Бұдан кейін қонақтар қамшыны басып, жеті ұпай айырмасымен алға шықты. Бірінші кезеңнің ортасында “Атырау Барыстары” есепті біршама қысқартты, бірақ қонақтарын қуып жете алмады. “Астана” кезең біткенше өз басымдығын уысынан шығармай, бес ұпай айырмасымен басым болды – 15:20. Екінші ойын бөлігінде елорда командасы нәтижелі ойын өрнегін көрсете алмады. Алаң иелері кезеңнің бел ортасында таразы басын теңестіруге шақ қалды. Бірақ “Астана” бұл жолы төтеп берді. Алайда, матчтың бірінші жартысының соңына қарай “Барыстар” тағы да қонақтардың өкшесін басып, жиырма минут ойын уақытында бір ғана ұпай айырмасымен ұтылды – 30:31. Шығыршық ауыстырған соң, жасыл-ақ жейделілер бірден алға шықты. Бірақ сол сәтте-ақ ойын тізгінін уыстарынан шығарып алды. Ал қонақтар болса, үшінші кезеңнің ортасына қарай екі таңбалы сан айырмасымен алға озды. Атырау командасы келесі екі минутта еңсе тіктеп, есеп айырмасын бес ұпайға дейін қысқартты. Бірақ соңғы кезең алдында он бір ұпай айырмасымен ұтылып жатты – 47:58. Төртінші кезеңде астанадан барған қонақтар екі таңбалы санға тең есеп айырмасын уыстарында берік ұстады. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда он ұпай айырмасымен ұтып жатты. Ал екі жарым минуттан кейін елордалық гандикап он бес ұпайға дейін ұлғайды. Матчтың соңғы минуттарында “Астана” бірде-бір доп сала алмады, бірақ оларға бұған дейінгі қол жеткізген басымдықтары осы матчты жеңіспен аяқтауға молынан жетті – 64:70.



Маңызды сәт: Матчтың аяқталуына екі жарым минут қалғанда “Астана” он бес ұпай айырмасымен алға озып, осы ойынның тағдыры шешілді.

Матч үздігі: “Астаны” тағы да үлгілі ұжымдық ойын өнегесін көрсетті, ең үздігін бөле-жара атап өту оңай емес.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Атырау Барыстары»: Донте Ламонт Макгилл (23 ұпай, 3 рет доп қағып алды), Денис Викентьев (12 ұпай, 9 рет доп қағып алды, 2 пас), Андрей Рогозенко (12 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 3 пас, 2 рет доп тартып алды).
  • «Астана»: Скайлар Спенсер (14 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 6 пас, 2 рет доп тартып алды, 1 блокшот), Николай Бажин (16 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 2 рет доп тартып алды), Антонио Кэмпбелл (12 ұпай, 6 рет доп қағып алды).


Салдары: “Астана” Ұлттық лиганың он дүркін чемпионы болды, ал “Атырау Барыстары” тарихта тоғызыншы рет күміс жүлдегер атанды.

Баскетбольный клуб Астана 2021/2022


Жеңімпаздар мен күміс жүлдегерлерді марапаттаумен қатар, маусымның ең үздік бес ойыншысының төртеуі жарияланды :

  • Скайлар Спенсер – «Астана», Нұр-Сұлтан
  • Донте Ламонт Макгилл – «Атырау Барыстары»
  • Владимир Иванов – «Атырау Барыстары»
  • Антонио Кэмпбелл – «Астана», Нұр-Сұлтан


Марапаттау рәсімі салтанатындағы фотосуреттер біздің сайтымыздың Медиа бөлімінде жарияланған.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: Jysan Arena
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Команданың жалпы суреті

Атырау Барыстары