Келе жатқан Жаңа 2020 жыл құтты болсын!

31.12.2019, 08:00    Оқылғаны: 230
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Президенттік баскетбол клубы бәріңізді Жаңа 2020 жылмен құттықтайды!

Қымбатты достар, жүрек жарды ыстық және игі тілектерімізді қабыл алыңыздар! Жаңа жыл – бұл ізгі тілек тілейтін және болашаққа зор үмітпен қарайтын, қуаныш пен шаттыққа толы мереке. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт және құт-береке тілейміз! Шаңырақтарыңызға береке, бірлік және қуаныш тілейміз, уайым-қайғы жоқ болсын! Дін аман, сүйікті де, сүйкімді және бақытты болыңыздар!

Жаңа, 2020 жылы біз өз күшімізге сенімді болып, бар қайрат-жігерімізді салып, маусым соңындағы көрсеткіштеріміз көңілге қонымды болады деген үміттеміз. Әрі сіздер, қымбатты достарымыз, үнемі қолдау көрсетіп отырады деп сенеміз. Жыл бойы көңілді болуларыңызға және үміттеріңізді үзбеулеріңізге тілектеспіз. Ал біз сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, нәтижелі ойын өрнегімізбен және жарқын жеңістерімізбен қуантып отыруға тырысамыз.



"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

"Самұрық-Қазына Траст" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры