Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVIII Қазақстан чемпионаты
Астана
Нұр-Сұлтан
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
28.01.2020, 19:30 Сс
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Нұр-Сұлтан)
93:46
Негізгі уақыт
19:13 25:11 29:14 20:8
Ойын нөмірі: 57
Көрермен: 0
Каспий
Ақтау

«Астана» Ұлттық лига аясында «Каспийді» қабылдайды

27.01.2020, 13:00    Просмотров: 38
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лига аясындағы кезекті екі ойынын Ақтаудың «Каспий» клубымен өткізеді. Бұл ойындар 28 және 29 қаңтар күндері елордада өтеді

«Каспий»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан. 2008 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017


Баскетбольный клуб Каспий 2019/2020

Алдағы екі матчта «Астана» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдап, Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы екеуара кездесулерін тәмамдайды. Естеріңізге сала кетейік, «Астана» биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын Ақтауда өткізіп, екі матчта да 30 ұпайдан артық есеп айырмасымен үстем түскен болатын. Нақтырақ айтқанда, 15 қараша күні 54:90 есебімен, ал 16 қарашада 52:83 есебімен ойсырата жеңген. Сол екі ойыннан кейін Ақтау командасы 14 матч өткізіп, ел чемпионатындағы қарсыластарының бәрімен кездесіп шықты. Осы ойындарда ақтаулықтар екі рет қана жеңіске жетті. Әрі екеуіне де өз алаңында қол жеткізді – бір матчта «Синегорье» командасынан, екіншісінде «Ақтөбе» баскетболшыларынан басым түсті. Ал елордадағы екі матч «Каспий» үшін ел чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы ойындар болады.

Турнир кестесіндегі жағдай: «Каспий» дәл қазір турнир кестесін тұйықтап тұр. Әрі алдағы екі матч қалай аяқталса да, Ұлттық лиганың негізгі бөлігін алтыншы, яғни соңғы орынмен аяқтайды. «Астана» болса, командалар рейтингінде бірінші орынды иемденіп қойған. Ал «Каспиймен» өтетін алдағы ойындардың нәтижелері елорда командасының бұл мәртебесіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды.



Команда құрамындағы өзгеріс: бұған дейінгі екеуара кездесулерден соң Ақтау командасының үш ойыншысы «Каспий» сапынан кетіп қалды. Әрі олардың бәрі де қазақстандық ойыншылар – орталық шептегі Никита Тимофеев пен Даниэль Альбрант, сондай-ақ шабуылшы Богдан Лащ. Бірақ Ақтауда өткен ойындарда «Каспий» біздің командаға қарсы тек Никита Тимофеевті шығарған болатын. Ал сол екі матчтан соң, ақтаулықтар құрамдарын жаңа үш ойыншымен толықтырды. Олардың екеуі Америка Құрама Штаттарының өкілдері – қорғаушы Лионель Эллисон III және орталық шеп ойыншысы Грэхам Трэвис. Екеуі де – өрімдей жас және кәсіби карьералары әлі қалыптаса қоймаған жігіттер. Сонымен қатар, «Каспий» құрамына тағы бір еңгерзедей ойыншы қосылды. Ол – қазақстандық Глеб Жуков, бұған дейін «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен.

Қарсыластың көшбасшылары: америкалық Грэхам Трэвис Ақтау командасы сапында небәрі 6 ойын өткізді. Әйтсе де, нәтижелілігі жағынан өз ұжымы рейтингінде көш бастап тұр. Ол орта есеппен бір ойында 16,3 ұпай еншілеп, 4,7 рет доп қағып алып және 2,5 рет доп тартып алып, көзге түсіп келеді. Ресейлік Денис Орленко – тосқауыл қоюдан бүкіл Ұлттық лиганың абсолютті лидері. Әр ойында орта есеппен, шамамен 3 блокшот орындап жүр. Сондай-ақ, ресейлік орталық шеп ойыншысы команда қоржынына орта есеппен әр ойында 9,4 ұпай салып, 11,2 рет доп қағып алып жүр. Америкалық қорғаушы Лионель Эллисон III бүгінге дейін 10 ойын өткізіп үлгерді. Көрсеткіштері – орта есеппен бір ойында 10,2 ұпай және 4,2 рет доп қағып алып жүр. Қазақстандықтар ішіндегі ең тиімді ойыншылары – қорғаушы Владимир Курочкин және шабуылшы Аймұрат Сәткеев. Екеуі де ылғи бастапқы бестікте ойнайды. Сондай-ақ қазақстандықтар сапынан тағы да атап өтуге болатындар – қорғаушылар Валерий Симонов пен Данил Дәулетбаев, сонымен қатар, команданың жаңа ойыншысы, орталық шептегі Глеб Жуков.

Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері – 28 және 29 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Екі ойынның да басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде, сондай-ақ QazSport телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: СК «Батыр»
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий