Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVIII Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
10.12.2019, 19:30 Сс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
101:72
Негізгі уақыт
27:24 19:14 26:21 29:13
Ойын нөмірі: 40
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» Ұлттық лигада «Тобылды» үшінші орынға сырғытты

11.12.2019, 10:00    Просмотров: 487
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
 Ұлттық лига додасында, өз алаңында өткен екінші ойында да, «Астана» Президенттік баскетбол клубы Қостанайдың «Тобылына» еш мүмкіндік бермеді.

«Тобыл» осыдан бір күн бұрын өткен ойынның бірінші жартысында тайталасып баққанымен, екінші бөлігінде біздің команданың қарқынына төтеп бере алмай, ойсырай ұтылып қалған болатын. Бүгінгі матчта «Астана» сапында легионерлерден кешегідей Душан Ристич пен Джеремайя Хилл шықты.

Матч аса жоғары қарқында басталып, екі командада нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Есепті «Тобыл» ашты, бірақ олар бастапқы төрт минутта ғана алда тұрды. Одан кейін астана командасы тізгінді өз қолына алды. Ойын уақытының бес минуты ішінде екеуі жабыла 28 ұпай салды. Бірінші кезеңнің бел ортасында «Астана» қамшыны басып, біздің команданың басымдығы алғаш рет екі таңбалы санға жетті. Алайда қонақтар оңай беріле салмады, тіпті есеп айырмасын түгелдей дерлік қысқартты да. Бұл кезеңде соңғы ұпайды біздің жігіттер еншілеп, матчтың бірінші ширек бөлігінде үш ұпай айырмасымен ғана алға шықты. Екінші кезең аса нәтижелі болмады, әрі мейілінше тыныш өтті. Командалар суырылып алға шыққан жоқ, бірақ «Астана» өз басымдығын уысынан шығармады. Әрі оны баяу да болса, ұлғайта берді. Осылайша, екінші 10 минутта Эмиль Райковичтің шәкірттері есеп айырмасына тағы 5 ұпай қосып, үлкен үзіліске шыққанда алға қарай ұзай түсті. Әйтсе де оны айқын басымдық деп айта алмаймыз. Есеп айырмасы небәрі 8 ұпай еді – 46:38.



Бүгінгі матчтың бірінші бөлігі де, кешегі ойынның бірінші жартысына айна-қатесіз ұқсады. Кеше де, бүгінде ойын тартысты болды. Бірақ кешегі ойынның екінші жартысында «Астана» көсіле сілтеген болатын. Жанкүйерлер бүгін де олардан сондай ойын күтті. Үшінші кезеңнің басы тура осылай басталды, астана командасының басымдығы екі есе өсті. Бірақ «Тобыл» күш-жігерін жинақтап, біздің команданың есепті одан әрі ұлғайта түсуіне жол бермеді. Үшінші кезең аяқталғанда, «Астана» қонақтардың есепті біршама қысқарта түсуіне мүмкіндік беріп қойды. Әйтсе де, есеп айырмасы екі таңбалы сан шамасында сақталды – 13. Бұл жеңіске жетуге кепіл бола алатын басымдық емес еді. Сондықтан дода көрігі әлі қыза түссе керек-тін. Алайда біздің жігіттер құйындай орап соғып, үстемдік құра бастады. Елорда ұжымының басымдығы ұлғая түсіп, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда 20 ұпайдан асып түсті. Бұл қонақтардың енді ойын өрісін өзгету мүмкіндіктерін жоққа шығарды. Ал матч соңында «Астана» қарқынын үдете түсіп, ұпай қорын жүзден асырып, ірі жеңіске қол жеткізді – 101:72 (27:24, 19:14, 26:21, 29:13).

Сөйтіп, астана командасы «Тобыл» клубымен өткізген, үйдегі екі жеңісінен соң, ел чемпионатында бірінші орынға жайғасып, енді ешбір команда қуып жете алмастай болып қара үзіп кетті. Ал қостанайлықтар бүгінгі жеңілістерінен кейін, «Атырау Барыстары» алдарына шығарып алып, үшінші орынға сырғыды.
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана» — Душан Ристич кезекті рет MVP атанып, бүгін де дабл-дабл авторы атанды – 21 ұпай және 11 рет доп қағып алды, сонымен қатар, орталық шептегі ойыншымыздың еншісінде 4 нәтижелі пас бар. Бүгінгі ойында команда капитаны Рустам Мырзагалиев (11 ұпай, 4 рет доп қағып алды және 5 пас), сондай-ақ Александр Жигулин (15 ұпай және 6 рет доп қағып алды) көзге түсті.
  • «Тобыл» — Бүгін қостанайлықтардың қозғалтқыш күші болғандар: Антон Быков – 20 ұпай + 4 рет доп қағып алды және Павел Ильин – 17 ұпай + 4 рет доп қағып алды.

Келесі матч: 15 желтоқсанда«Астана» Мәскеуге жол шегіп, онда биыл бірінші рет жергілікті ЦСКА командасымен ВТБ Бірыңғай лигасы аясында додаға түседі. Ал Ұлттық лигадағы келесі ойындарын Жаңа жыл мерекесінен кейін, 17 және 18 қаңтар күндері, Қостанайда «Тобылмен» өткізеді.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл