Турнирлер

Турнир жайлы

Ақпарат

Мемлекет: Қазақстан Құрылған жылы: 2003 Сайт: www.nbf.kz
Өтетін уақыты: 08.03.2017 – 12.03.2017 Командалар саны: 6 Өткен маусымдағы жеңімпаз: Алматинский Легион

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Кубогы – баскетболдан ерлер арасындағы Ұлттық дода, Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының бастамасымен өткізіледі.

Баскетболдан 2017 жылғы ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы Алматы қаласында, «Алматы легионы» баскетбол клубының үйдегі ойындарын өткізетін, «Достық» әмбебап спорт кешенінде сарапқа салынады.

Турнирдің өткізілу тәртібі

 Өткізілу жүйесі мен мерзімі:

Турнир екі кезеңге бөлініп өткізіледі:
  1. Топтық кезең: 8 - 10 наурыз
  2. Плей-офф: 11 - 12 наурыз

1 кезең – Топтық кезең:

Командалар 2 топқа бөлінген – «А» және «Б», әр топта 3 командадан. Әр топтағы командалар 1 айналымдық жүйемен өзара кездесіп шығады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша өз топтарында 1-ші орыннан 3-ші орындарға орналасады.
 
2 кезең – Плей-офф:

1/2 финалы:

Жартылай финалға топтық кезеңнің қорытындысы бойынша өз топтарында 1-ші және 2-ші орындарға ие болған командалар шығып, жартылай финалдық жұптар құрады: А1 – Б2 және Б1 – А2. Жартылай финалда әр жұптағы командалар бір ойыннан ғана өткізеді.
 
Финал:
 
Жартылай финалдағы 1-ші жұпта және 2-ші жұпта жеңіске жеткен командалар 1-орынды сарапқа салады. Ал жартылай финалда ұтылып қалған командалар 3-орынға таласады. Финалда да өз жұптарындағы командалар бір ойыннан ғана өткізеді.
 
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша өз топтарында 3-ші орынға табан тіреген командалар екі матчтық додада 5-орынды сарапқа салады. Егер, өз топтарында 3-орынға ие болған командалар арасындағы екі ойынның қорытындысы бойынша соққан және жіберіп алған доп айырмалары бірдей болып шықса, онда екінші матчтың негізгі уақытынан кейін командалар овертайм ойнайды. Бірінші және жалқы овертаймда жеңіске жеткен команда осы текетірестің жеңімпазы болып есептеледі.  

Марапаттау:

Өткізілген дода нәтижелері бойынша «Баскетболдан 2017 жылғы Қазақстан Республикасының кубогы жеңімпазы» анықталып, топ жарған командаға Кубок табыс етіледі, ал ойыншылары Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері комитетінің дипломдарымен және алтын медальдарымен марапатталады. Екінші орынға ие болған команда күміс, ал үшінші орынды иеленген команда қола медальмен марапатталады.