Билеттер

Қымбатты достар, баскетбол сүйер қауым және «Астана» баскетбол клубының жанкүйерлері!

2021/2022 жылдар маусымында, ВТБ Бірыңғай лигасының өз алаңымызда өтетін ойындарына, билеттер сату тек Ticketon.kz сайтында жүзеге асырылады. Ойын өтетін күні аренадағы кассалар жұмыс істемейді.

Ойын өтетін уақытта жанкүйерлер аренаға солтүстік есіктен мына сызба бойынша кіргізілетін болады:


 



ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЛИГАСЫ МАТЧТАРЫНА КІРУ ЕРЕЖЕСІ

Құрметті жанкүйерлер, «Астана» баскетбол клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы, өз алаңында өтетін ойындарына, кіру ережесімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінеміз. Бұл шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін енгізілген.

Өз алаңымыздағы ойындарды санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, трибуналардың 50% ғана жанкүйерлермен толтырып өткізуге рұқсат беріледі.  

  • Аренаға«Ashyq» мобильды қосымшасы бойынша жасыл статусы бар көрермендер ғана кіре алады.
  • Аренаға кірерде көрермендердің бәрі де байланыссыз термометрмен, қызу өлшеу рәсімінен өтулері керек. Қызулары — 37 градус және одан жоғары көрермендер матчқа кіргізілмейді (билетті қайтару себебіне жатпайды).
  • Аренаға ЖРВИ ауруларының көрінімді белгілері, яғни мұрын біту, түшкіру, жөтел және т.б бар көрермендер кіргізілмейді (билетті қайтару себебіне жатпайды).
  • Аренаға жеке қорғаныс құралдарын қолданып (бетперделер немесе респираторлар киіп) қана кіруге және онда жүруге рұқсат беріледі. Оларды аренадан шығып кеткенше шешуге болмайды.
  • Матч аяқталғанша көрермендер бір-бірінен кемі 1,5 метр аралықта әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары керек.
  • Көрермендерді трибуналарға отырғызу әлеуметтік қашықтық ережелеріне сай жүргізіледі. Трибуналарда, қатаң түрде, билетте көрсетілген орындарға ғана отыру керек.


Сонымен қатар, матчтарды өткізу кезінде тағам сату орындарының жұмыс істемейтіндігіне назарларыңызды аударғымыз келеді. Әрі стадион кассаларында билет сатылмайды.

Достар, матчқа кіру талаптарына жауапкершілікпен қарауларыңызды өтінеміз.

Жоғарыда жазылған ережелерді орындаңыздар, өзіңіз және айналаңыздағылар үшін өте сақ болыңыздар. 

Дендеріңіз сау болсын және матчтарда кездескенше!



ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЛИГАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЛИГАСЫ
МАТЧТАРЫ КЕЗІНДЕ СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫНДАҒЫ ТӘРТІП САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

Бұл Ереже Қазақстан Республикасы аумағында өтетін, шетелдік клубтың «өз алаңында» өткізетін, баскетбол ойындарын көру үшін спорт ғимаратына келген көрермендердің тәртіп сақтау нормаларын реттейді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1.1. Қолында билеті, абонементі, арнайы шақыртуы, сондай-ақ матчты ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен байланысы жоқ, бекітілген үлгідегі басқа да құжаттары бар, Спорт ғимаратына келген азаматтар Көрермендер болып саналады. 

1.2. Матч ұйымдастырушысы жекелеген көрермендер санатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы санаттағылардың матчқа кірулеріне ерекше шарттар енгізе алады. Ол үшін көрермендерді міндетті түрде, кіру билеттері сатыла бастағанға дейін спорт ғимараты әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының шешімі қабылданғаны туралы хабарландыруы керек.

1.3. Спорт ғимаратына кіру көрермендердің осы Ережелерді одан (спорт ғимараттан) шығып кеткендерінше орындайтындықтарын білдіреді.

1.4. Ережелердің сақталуын қадағалау матч ұйымдастырушысына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, өрттен қорғау қызметіне, сондай-ақ бақылау-өткізу режимін, көрермендерді орналастыруды және қоғамдық тәртіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тартылған спорт ғимараты қызметтеріне жүктеледі (қауіпсіздік қызметтері, жеке күзет кәсіпорындары, контроллер, әкімшіліктер, еріктілер және т.б.). 

1.5. Ереже талаптарын сақтамаған көрермендер спорт ғимаратына кіргізілмейді немесе оның аумағынан шығарылып жіберіледі, мұндай жағдайда кіру билетінің құны өтелмейді, ал егер де ондай адамдар заңсыз әрекеттерге жол берсе, онда әкімшіліктік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

1.6. Матч ұйымдастырушысы заңсыз әрекеттерді ескерту мақсатында көрермендерді фото-бейнеге түсіріп алуға хақылы.

1.7. Егер көрермен осы Ереже талаптарын бұзатын болса, тәртіп бұзушының бұл әрекеттері матч ұйымдастырушысы мен спорт ғимараты әкімшілігінің оны баскетбол матчтары өтетін кезде спорт ғимаратына кіргізбеу туралы мәселені қарастыруларына негіз бола алады.

2. КӨРЕРМЕНДЕР ҚҰҚЫҒЫ:

2.1. Матчқа дейін және өтіп жатқанда, қолында бар кіру билеттерімен, абонементтерімен, шақыртуылармен, бекітілген үлгідегі басқадай құжаттарымен спорт ғимаратына кіру. Спорт сарайына кіргізіле бастау уақыты матч ұйымдастырушысының, спорт ғимараты әкімшілігінің және құқық қорғау органдарының бірлесе белгілеген шешімімен анықталады.   

2.2. Матч ұйымдастырушысы және спорт ғимараты әкімшілігі ұсынған қызметтердің бәрін қолдану.

2.3. Клубтың спорт ғимаратында өткізген, үлестірген атрибутиктерін спорт ғимаратының трибуналарына алып бару және қолдану.

2.4. Командаға қолдау көрсетіп отыру үшін, жанкүйерлер бірлестіктерінің өкілдеріне: егер жанкүйерлер арасынан жауапты адамдар тағайындалса, онда төменде көрсетілген әрбір бірлік бойынша, алып өтуге және қолдануға болатын заттар:

  • бір жарғақты барабандар, түбі ашық, диаметрі 60 см дейін, ал биіктігі 40 см дейін, стандартты таяқшаларымен;
  • әр түрлі конфигурациялы баннерлер, тек олар трибуналарда өзге көрермендердің матч тамашалауына ешқандай да кедергі келтірмейтіндей болып ілінуі (керіп ұсталынуы) керек. Оларды спорт ғимаратына ілуді (орналастыруды) қауіпсіздікке жауапты матч ұйымдыстырушысы-клуб өкілі спорт ғимараты әкімшілігімен, құқық қорғау органы штабының басшысымен және ТЖМ өкілімен келісе отырып анықтайды. Баннерлер жанбайтын (арнайы қосылыстар сіңген) материалдардан дайындалуы, әрі өртке қарсы қауіпсіздік қызметінің тиісті сертификаттарымен жабдықталуы керек. Баннердегі сөздер тек өз Клубтарын қолдауға ғана арналуы керек, әрі өзгелерді қорлайтын, әдепсіз, арандатушы мәтіндер, сөздер, символдар, суреттер болмауы тиіс;
  • пластикалық қуыс сапты (білікті) жалаулар. Сабының ұзындығы 1,5 метрден аспауы керек. Жалаулар жанбайтын (арнайы қосылыстар сіңген) материалдардан дайындалуы, әрі өртке қарсы қауіпсіздік қызметінің тиісті сертификаттарымен жабдықталуы керек. Мұндай жалауларды «қонақтар» және «фанаттар» секторларында қолдануға рұқсат берілген. Жалаудағы суреттер тек өз Клубтарын қолдауға ғана арналуы керек, әрі өзгелерді қорлайтын, әдепсіз, арандатушы мәтіндер, сөздер, символдар, суреттер болмауы тиіс;
  • команданы қолдап отыратын басқа да құралдар. Команданы қолдап отыратын басқа да құралдарды қолдануға ұйымдастырушының, спорт ғимараты әкімшілігінің және құқық қорғау органдарының бірлесе бекіткен шешімімен рұқсат беріледі.


Жоғарыда тізілген атрибутиктердің иелері матчтың басталуына 1,5 сағат қалғанда, матч ұйымдыстырушысына, спорт ғимараты әкімшілігіне, құқық қорғау органы штабтарына және ТЖМ өкілідеріне келіп, оның бекітілген талаптарға сай екендігін көрсетуге міндетті.

Жанкүйерлер осы Ереже талаптарын бұзса, онда баскетбол матчтарында жоғарыда тізіліп шыққан қолдау құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабыдануы мүмкін.

3. КӨРЕРМЕНДЕР МІНДЕТТІ:

3.1. Бақылау-өткізу режимін жүзеге асырып тұрған қызметкерлерге кіру билеттерін, абонементтерін, шақыртуыларын, спорт ғимаратына кіруге құқық беретін басқадай құжаттарын, сондай-ақ автокөлігімен оның аумағына кіруге рұқсат беретін қағазын көрсетуге;  

3.2. Қаупсіздік шараларын қамтамасыз ету және алып өтуге тыйым салынған заттармен кедергі келтірілмеу мақсатында спорт ғимаратына кірерде, ал кейбір жағдайларда тіпті оның құрамына кіретін қоршалған аумақта арнайы бақылау тексерісінен өтуге.   

3.3. Трибуналарға көтерілгенде билеттерде, абонементтерде және шақыртуларда көрсетілген орындарға ғана отыруға.

3.4. Матч ұйымдыстырушысының, спорт ғимараты әкімшілігінің, құқық қорғау органы қызметкерлерінің және өрттен қорғау бақылаушыларының заңды өкімдерін орындауға, қоғамдық тәртіпті және жалпылама әдеп-тәртіп нормаларын сақтауға.

3.5. Түтіндеу немесе өрт жағдайларында күдікті құбылыстарды байқай қалса, тәртіп бұзу әрекеттерін көрсе, басқа да қауіпсіздік қауіптерін сезсе, лезде спорт ғимараты әкімшілігіне және құқық қорғау органы қызметкерлеріне хабарлауға.

3.6. Спорт ғимаратының мүліктеріне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға.

4. КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

4.1. Спорт ғимаратында алкогольдік, есірткілі немесе уытқұмарлық масаң күйде болуға.

4.2. Спорт ғимаратына алып келуге, қолдануға және қосуға:

  • спирттік ішімдіктер;
  • кез келген түрдегі қару мен оқ-дәрілер;
  • шанышатын және кесетін заттар;
  • түтіндету құтысы;
  • алаулар;
  • белгі беру ракеталары;
  • петардалар;
  • пиротехникалар;
  • қолданылуы кезінде түтінденетін, тұтанатын және өзге де теріс салдарға ұрындыратын басқа да, оның ішінде қолдан жасалған заттар, нәрселер, бұйымдар;
  • отқа қауіпті, жарылатын, улы, уландыратын, иістендіретін және өткір иісті заттар;
  • тез тұтанатын, өртке қауіпті материалдар мен заттар;
  • бояғыш заттар;
  • есірткі құралдары;
  • радиоактивті материалдар;
  • жүйке-сал ауруы мен көзді ашытуға ықпал ететін газ баллондары;
  • лазерлік құрылғылар;
  • қару ретінде қолдануға болатын басқа да заттар;
  • қаңылтыр банкілер, шыны және пластикалық ыдыстар, шөлмектер және құтылар;
  • басқа көрермендерге және ойынды жақсы өткізуге кедергі келтіретін ірі габаритті заттар;
  • дыбыс күшейту құралдары;
  • радиостанциялар.


4.3. Спорт ғимараты әкімшілігі тыйым салған жерлерде темекі тартуға.

4.4. От жағуға.

4.5. Трибунаға, ойын алаңына және оның айналасындағы кеңістікке, сондай-ақ мақсатты түрде көрермендерге, спортшыларға, жаттықтырушыларға, төрешілерге, Клубтар мен спорт ғимаратының өкілдеріне, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, доп додасын өткізетін ұйымдастырушының ресми тұлғаларына әр түрлі заттар лақтыруға.

4.6. Фашистік және нәсілдік сипаттағы белгілерді, атрибутиктерді және басқа да символикаларды киіп алуға және көрсетіп отыруға.

4.7. Фашистік және нәсілдік сипаттағы сөздерді қолданып, ойларды білдіруге, сондай-ақ қимыл-әрекеттерді көрсетуге.

4.8. Әдепсіз және қорлайтын сөздерді қолданып, ойларды білдіруге, сондай-ақ қимыл-әрекеттерді көрсетуге.

4.9.  Әлеуметтік, нәсілдік, діни, ұлттық және мемлекетаралық жек көруді туындататын, сондай-ақ әлеуметтік, нәсілдік, діни, ұлттық және мемлекетаралық артықшылықты білдіретін атрибутиктер, баннерлер, әндетулер, айқайлар, қимыл-әрекеттер қолдануға.

4.10. Бет-әлпетті жасыру үшін киім элементтері мен басқа да заттар және әдістер қолдануға.

4.11. Спорт ғимаратында жүрген кезде, отырғанда денесінің кейбір бөліктерін жалаңаштап, қоғамдық мораль мен норманы бұзуға.

4.12.  Көрермендер мен матчқа қатысушыларға қатысты өзін арандатушы кейіпте, қатерлі түрде көрсетуге, өзінің және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіруге және қауіпсіздікті бұзуға немесе кімге болсын, қалай болсын, қауіпке ұшыратуға.

4.13. Қоршаудан асып, ойын алаңына жақындауға және шығуға, командалар, төрешілер киім ауыстыратын бөлмелерге, сондай-ақ баспасөз орталығы мен басқа да қызметтік бөлмелерге кіруге.

4.14. Матч өтіп жатқан кезде өткелдерде, сатыларда тұруға, қатысушылар мен көрермендердің өтуіне кедергі келтіруге, орындықтың үстіне шығуға, секіруге, трибунада отырғанда заңсыз әрекетерге еліктеуді ұйымдастыруға, қоршауларға, парапеттерге, жарықтандыру құрылғыларына діңгектерге, тірек құрылымдарына шығып алуға, спорт ғимараты мүліктері мен көрермендерге зиян келтіруге.

4.15. Спорт ғимаратына жануарлар ертіп келуге.

4.16. Кез келген саяси акциялар өткізуге.

4.17. Сауда жасауға, кез келген әдіспен жарнамалық, сувенирлік, саяси, діни және нәсілдік сипаттағы өнімдерді (оның ішінде, плакаттарды, парақшаларлы, буклеттерді) таратуға.

4.18. Матчқа кіру билетерін қолдан сатып, алып-сатарлық сауда жүргізуге.