С Днем Победы в Великой Отечественной войне!

09.05.2019, 08:00    Оқылғаны: 578
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:


«Астана» Президенттік баскетбол клубы барлықтарыңызды ұлы мерекемен – Жеңіс Күнімен құттықтайды!

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 74 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!


Президентский баскетбольный клуб «Астана» поздравляет всех с великим праздником — Днем Победы!

Этот праздник с каждым годом отдаляется от нас. Но мы никогда не должны забывать о тех героических поступках, которые совершили наши предки во имя свободы, чести и благополучной жизни. В этот праздник в первую очередь желаем всем мира. Ведь ничто не стоит дороже, чем человеческие жизни, слезы матерей, сломанные судьбы огромного количества людей. Пусть в честь памяти о подвигах людей того времени небо расцветет салютами, а душа каждого из нас наполнится гордостью и благодарностью за мирное ясное небо и заслуженную в боях свободу!

От всей души желаем ветеранам крепкого здоровья, а также заботы и внимания родных и близких. Мы преклоняемся перед Вашим подвигом во имя свободы нашей родины.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»