Жолдастық кездесу
СиБЕТ
Пренай
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
07.09.2019, 21:30 Сн
Арена: Пренай Арена (Пренай)
74:75
Негізгі уақыт
22:29 21:17 16:11 15:18
Ойын нөмірі: FG-01
Көрермен: 50
Астана
Астана

«Астана» Литвадағы жаттығу жиынын «СиБет» клубын жеңіп бастады

08.09.2019, 10:00    Просмотров: 477
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы Литваға барып, жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Осы жиын барысында елорда клубы бірнеше жолдастық кездесулер өткізеді.

«Астананың» жаңа құрамын іс жүзінде ең алғаш тексеріп көрген команда Литваның Пренай қаласының баскетболшылары болды. Бұл ұжым биыл негізгі демеушісін өзгертіп, соған байланысты өз атауын «СиБет» деп өзгерткен екен. Бұл қарсыласымыз Литва баскетбол лигасында өнер көрсетеді және өткен маусымды ширек финал сатысында аяқтаған болатын. «Астана» Литваның бұл командасымен бұған дейін де кездескен. Бірақ олардың бәрі де жолдастық кездесулер аясында өткен еді. Мысалы, 2016/2017 жылдар маусымы алдында, бұл ұжым «Вытаутас» деп аталып жүрген кезінде «Астананы» 75:98 есебімен жеңіп кеткен. Ал бір жылдан кейін, яғни 2017/2018 маусымы басындағы додада «Астана» 77:68 есебімен жеңіске жеткен.

Биылғы ойында таразы басы екі жаққа алма-кезек ауысып отырды. «Астана» бірінші кезеңде басым түскенімен, екіншісінде есе жіберіп алды. Әйтсе де, 20 минуттан кейін алда тұрды. Бірақ алаң иелері қарқындарын үдетіп, үш кезеңнің қорытындысы бойынша алға шықты. Соңғы кезеңде табан тірескен дода болып, Қазақстан баскетболшылары басым түсті. Әрі жолдастық кездесу болса да, осы маусымдағы бірінші жеңістеріне қол жеткізді — 74:75 (22:29, 21:17, 16:11, 15:18).

Душан Ристич адам қызығарлық дабл-дабл орындады (20 ұпай және 10 рет доп қағып алды), енді бір жаңа ойыншымыз, атап айтқанда, Малкольм Хилл 18 ұпай еншілеп, 4 рет шығыршықтан қайтқан допты қағып алды және 4 мәрте допты тартып әкетті. Өзіміздің Рустам Мырзағалиевтің еншісінде – 11 ұпай. Бірінші жолдастық кездесудегі жеңіс елорда командасының ойын өрнегін ширата түсуі керек.

«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1994 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Литва Арена: Пренай Арена
Қала: Пренай Сайт: https://bcprienai.lt

Сипаттамасы