Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVIII Қазақстан чемпионаты
Атырау Барыстары
Атырау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
30.10.2019, 19:00 Ср
Арена: ДШДК «Авангард» (Атырау)
67:86
Негізгі уақыт
17:27 16:22 15:17 19:20
Ойын нөмірі: 16
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Атырауда «Барыстарымен» өткен ойындардан 4 ұпай олжалап қайтты

31.10.2019, 10:00    Просмотров: 603
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
 «Астана» Президенттік баскетбол клубы түздегі екінші матчта да айқын басымдық танытып, Ұлттық лигадағы басты қарсыласының бірін, яғни «Атырау Барыстарын» ойсырата ұтты.

Кешегі ірі жеңістен соң, «Астана» «Атырау Барыстарымен» өткен бүгінгі матчта да фаворит болып саналды. Осының алдындағы матчтағыдай, елорда командасының легионерлері сапынан алаңға Джеремая Хилл мен Малкольм Хилл шықты.

Кешегі ойынның басында алаң иелері табан тіресе тайталасса, бүгін «Астана» матч басталған бетте көсіле шауып, лезде 10 ұпай айырмасымен алға озды. «Атырау Барыстары» бірден болмаса да, бірте-бірте ойын өрнегін теңелте алды, бірақ 10 ұпай айырмасын бірінші кезеңнің соңына дейін қысқарта алмады. Сары-көкшіл жейделілер екінші кезеңде де өз ойындарынан жаңылмай, есеп айырмасын ұлғайта берді. Осылай біздің команданың басымдығы 20 ұпайға да жетті. Өкінішке қарай, екі команданың да ойыншылары тартынбай, дөрекі ойнады. Олардың жүйкелері сыр бере бастап, бірінші кезеңнің соңында Атырау командасының ойыншысы өрескел тәртіп бұзды. Бұл кішігірім қақтығысқа ұласты. Әйтсе де, Эмиль Райковичтің шәкірттері екінші кезеңде де басым түсті. Ойынның бірінші жартысын 33:49 есебімен аяқтап, біршама ұзап кетті.

Үшінші кезеңде қарсыласымыз қанша тырысса да, есеп айырмасы 15-16 ұпай шамасында сақталып тұрды. Ал бұл біздің команданың есеп айырмасын ұлғайта алмай қойғандығын білдіреді. Үшінші онминуттық бастан-аяқ тура осы мәтінде өрбіді. Төртінші кезеңге дейін «Астана» 18 ұпай айырмасымен алға озып, өздерін еркін сезінді. Соңғы 10 минутта да астана командасы ойын тізгінін уысынан шығармай, өздеріне сенімді болды. Әрі қарсыласына ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Сөйтіп, «Атырау Барыстары» жеңілістің кермек дәмін татып, «Астана» бұл матчта да басымдық танытты. Есеп – 67:86 (17:27, 16:22, 15:17, 19:20).

Матч қорытындысында есеп айырмасы кешегідей аса алшақ болмағанымен, «Астана» матч бойы басымдық танытты. Есеп айырмасы ойынның басынан бастап, 10 ұпайдан асып түсті. Бұл біздің команданың Ұлттық лигадағы алтыншы жеңісі еді. Ал «Тобылдың» жеңіліске ұшырағанын ескерсек, «Астана» турнир кестесінде жеке дара көш бастап келеді.



Ең көп ұпай еншілегендер: Малкольм Хилл бұл матчта ең көп ұпай жинаған ойыншы болды – 21 ұпай, 7 рет доп қағып алды және 3 пас. Рустам Мырзағалиевтің еншісінде – 12 ұпай, 3 рет доп қағып алды және 5 пас. Вадим Щербак – 12 ұпай және 4 пас, Роберт Пан – 11 ұпай және 8 рет доп қағып алды. Қарсыласымыз сапында үздік шыққандар – Владимир Иванов (15 ұпай, 8 рет доп қағып алды) және Рустам Өтеген (12 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 3 пас, 5 рет допты «тартып» әкетті).

Келесі ойын: Енді «Астана» елордаға оралып, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Петербордың «Зенитімен» өтетін матчқа дайындалады. Бұл ойын 4 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ал Ұлттық лигадағы қосарланған кезекті ойындарын елорда баскетболшылары 11 және 12 қараша күндері өз алаңында өткізіп, өз тарихында бірінші рет «Ақтөбе» командасымен кездеседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, Ticketon.kz сайтында астана командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі ойындарына билеттер сатыла бастады – 4 қарашада Петербордың «Зенитімен» және 9 қараша күні Белорустің «Цмоки Минск»  клубтарымен өтетін матчтар.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Команданың жалпы суреті

Атырау Барыстары