Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2019
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
05.04.2019, 16:30 Жм
Арена: ӘСК «Достық» (Алматы)
97:48
Негізгі уақыт
23:16 20:11 20:13 34:8
Ойын нөмірі: 7
Көрермен: 0
Синегорье
Көкшетау

«Астана» Қазақстан кубогын мерзімінен бұрын жеңіп алды

06.04.2019, 08:00    Просмотров: 862
Источник: ҰБФ ҚР
Автор: Игорь Свирипа
Алматыда Қазақстан кубогы додасының аяқталуына екі күн қалғанда, бас бәйгенің тағдыры шешілуі де тиіс еді. Жұма күнгі бірінші ойында «Астана» Көкшетаудың «Синегорье» командасымен кездесті.

Егер «Астана» жеңіске жетсе, онда ел кубогы аяқталмай жатып, бірінші орынға ие болар еді. Ал Көкшетау командасы басым түссе, онда турнир кестесіндегі жағдай шиеленісіп, бас бәйгеден бірнеше команда дәмелі болуы тиіс-тін. Сондықтан бұл ойынға елеңдеушілер аз болған жоқ. Әрі матчтың бірінші кезеңінің басы мейіліншге тартысты өтті. Алайда кезең соңына қарай елорда командасы көсіле сілтеп, бірінші 10 минутта 7 ұпай айырмасымен алға шықты. «Астана» екінші кезеңнің басында есеп айырмасын ұлғайта түсіп, матчтың бірінші бөлігі аяқталғанша айылын жиған жоқ. Сөйтіп, командалар үлкен үзіліске шыққанда, есеп 43:27 болды.

Көкшетаулықтар үшінші кезеңде қарсыласын қуып жетуге тырысып көрді, тіпті есеп айырмасын сәлде болса, қысқартты да. Алайда олардың бұл талпыныстары да нәтиже бермеді. Өйткені «Астана» қарқынын үдетіп, осы кезеңнің басында жіберіп алған есесін еселеп қайтарды.  Одан кейін ұпай айырмасын ұлғайта түсті. Соңғы кезеңде, әсіресе бастапқы бес минутында Көкшетау командасының ойыны мүлдем қожырап кетті. Олардың қарсыласы ұпай қорын молайта түскендері аз болғандай, көкшеліктердің өздері шығыршыққа доп түсіре алмай, пұшайман болды. Матч соңында «нысананы» дәл көздеп, ұпай еншілей бастағандарымен, қара үзіп кеткен «Астанаға» жете алмай, ойсырай ұтылды. Есеп – 97:48.
 

Маңызды сәт: «Астана» бірінші кезеңнің соңында қарқынын үдете түсіп, қарсыласы оған төтеп бере алмай қалды. Ал үшінші кезеңнің басында «Синегорье» таразы басын теңестіруге тырысып көріп еді, «Астана» бұл қауіпті тез сейілтіп, бұл ойында ірі есеппен жеңіске жетті.

Үздік ойыншылар: Бүгін «Астана» сапындағы ең тиімді ойыншы Асқар Майдекин болды (12 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 2 пас және 2 блокшот). Ал «Синегорье» құрамындағы ең үздік ойыншы – Михаил Евстигнеев (18 ұпай, 6 рет доп қағып алды).

Келесі ойын: Ертең елорда баскетболшылары Қазақстан кубогы додасындағы соңғы ойынын өткізіп, алаң иелері «Алматы легионы» командасымен кездеседі. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, елорда клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі екі ойынына билеттер сатыла бастады: 15 сәуір күні – «Лококмотив Кубань» клубымен және 21 сәуірде – «Енисей» командасымен.

Барлық ойындар жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: БЖСМ «Триатлон»
Қала: Көкшетау Сайт: www.scsg.kz

Сипаттамасы

«Синегорье» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионаты Жоғарғы лигасының қола жүлдегері: 2017/2018.

Команданың жалпы суреті

Синегорье