Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2019
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
03.04.2019, 16:30 Ср
Арена: ӘСК «Достық» (Алматы)
89:61
Негізгі уақыт
33:21 24:18 13:7 19:15
Ойын нөмірі: 3
Көрермен: 0
Атырау Барыстары
Атырау

Астана баскетболшылары Қазақстан кубогында көш бастады

04.04.2019, 08:00    Просмотров: 686
Источник: ҰБФ ҚР
Автор: Игорь Свирипа

 «Астана» Қазақстан кубогы додасының екінші күні өткен бірінші ойында Атырау облысының құрама командасымен кездесті.

Астана ұжымы бұған дейін, ел кубогы додасында бір матч өткізіп, соңғы секундтарда «Тобылдан» жеңісті жұлып алған болатын. Ал Атырау облысының өкілдері үшін бұл бірінші ойын еді. Осы ретте айта кетуіміз керек, Атырау облысының командасы – бұл «Атырау Барыстары» мен олардың өздері аттас АМУ командасы сапында өнер көрсететін, Қазақстан ойыншыларынан құрылған құрама команда. Алайда, аталмыш ұжым Ұлттық лигада ойнайтын екі команданың ойыншыларынан жасақталған құрама команда болса да, бұл кездесуде «Астана» фаворит болып саналатын. Елорда командасы өздерінің осы мәртебелерін іс жүзінде дәлелдеп, матчтың бірінші минутынан бастап ойын тізгінін өз қолдарына алды. Әрі бірден алға да шықты. Атырау облысының командасы намысты қолдан бермеуге тырысты-ақ, бірақ одан әріге шама-шарықтары жетпеді. Олар бірінші кезеңде 12 ұпай айырмасымен ұтылып қалды. «Астана» екінші кезеңде де басымдық танытып, есеп айырмасын 20 ұпайға дейін ұлғайта түсті. Ал матчтың бірінші бөлігі 57:39 есебімен аяқталды.

Үшінші онминуттық екі команда үшін де нәтижелі болмай шықты. Әйтсе де, астаналықтар ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ. Үш кезеңнің нәтижесін қосқанда, «Астана» 24 ұпай айырмасымен алға озып кетті. Әрине бұдан кейін ойын тартысты өтті деудің қисыны келмейді. Десек те, соңғы кезеңде Атырау облысының баскетболшылары сәл де болса, қарқындарын үдетіп, басында тіпті есепті біршама қысқартты да. Бірақ бәрібір «Астанаға» төтеп бере алмады. Есеп – 89:61.
 


Маңызды сәт: «Астана» матчтың бірінші минутынан бастап өзінің дәл осы ойындағы амбициясын айқын көрсетіп, қарсыласына ешқандай мүмкіндік берген жоқ.

Үздік ойыншылар: Бұл кездесуде «Астана» сапындағы ең тиімді ойыншы Дмитрий Гаврилов болды (22 ұпай, 4 пас, 3 рет допты қағып әкетті). Ал «Атырау» құрамында ең үздік ойыншы Ілияс Жүнісов болып шықты (16 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 3 пас, 3 рет допты қағып әкетті).

Келесі ойын: Ертең елорда баскетболшылары тынығып, келесі матч алдында бой жазып алу мүмкіндігіне ие болады. Ал 5 сәуір күні Көкшетаудың «Синегорье» командасымен кездеседі. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-да.


Естеріңізге сала кетейік, елорда клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі екі ойынына билеттер сатыла бастады: 15 сәуір күні – «Лококмотив Кубань» клубымен және 21 сәуірде – «Енисей» командасымен.

Барлық ойындар жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Команданың жалпы суреті

Атырау Барыстары