Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2019
Тобыл
Қостанай
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
02.04.2019, 16:30 Сс
Арена: ӘСК «Достық» (Алматы)
82:83
Негізгі уақыт
15:22 25:16 20:28 22:17
Ойын нөмірі: 1
Көрермен: 0
Астана
Астана

Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан кубогында ел чемпионын қара терге түсірді

03.04.2019, 08:00    Просмотров: 765
Источник: ҰБФ ҚР
Автор: Игорь Свирипа
Алматыда ерлер арасындағы Қазақстан кубогы басталып, аталмыш доданың «Тобыл» мен «Астана» арасындағы бірінші матчы шектен тыс қызықты өтті. Қостанайлықтар ел чемпиондарын жеңіп кете жаздап, әбден састырды.
 
Ел кубогы додасына шетелдік легионерлер қатыса алмайды. Осыған байланысты, Қостанай командасында екі ойыншы алаңға шыға алмай қалса, «Астана» клубы 6 бірдей белді ойыншысына сенім арта алмады. Ойын тең дәрежеде басталды. Дегенмен, екі минуттан кейін астана командасы алға шықты. Бірінші кезеңнің аяғына қарай «Тобыл» елордалықтарды алға ұзатып алып, 10 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Алайда бірінші кезеңде 7 ұпай       айырмасымен ұтылды. Екінші кезеңде Қостанай командасы есеп айырмасын қысқарта бастады. Ойынның екінші ширек бөлігінің ортасына қарай «Тобыл» небәрі 1 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Ал үлкен үзіліске шыққанша, Қостанай ұжымы 40:38 есебімен таразы басын өздеріне қарай аударып алды.  

Қиян-кескі доп додасы үшінші 10-минуттықта да жалғаса түсті. Бірақ астана баскетболшылары жанкештілік танытып, тағы да алға шықты. Алайда «Астана» алысқа ұзап кете алмады, есеп айырмасы 3-5 ұпай шамасында теңселіп тұрды. Ал үшінші кезең аяқталғанда, елорда клубы 6 ұпай айырмасымен ғана алда тұрды. Астаналықтар төртінші кезеңді де жоғары қарқында бастап, есеп айырмасын 10 ұпайға дейін ұлғайтты. Бірақ «Тобыл» беріле салмады, табан тіресе додаға түсті. Матчтың аяқтауына 2 минут қалғанда таразы басы теңесіп тұрды. Әрі осы 2 минут шектен тыс тартысты өтіп, жүйкеге тиді. Ойынның қалай аяқталатындығы матч соңына дейін белгісіз болды. Әйткенмен де, «Астана» жеңісті жұлып алды – 82:83.

 

Маңызды сәт: Бәрі де соңғы секундтарда шешілді. «Астана» 1 ұпай айырмасымен алда тұрған. Бірақ «Тобылдың» таразы басын өзіне қарай аударып алатын мүмкіндігі болды. Алайда олардың соңғы шабуылдары нәтижесіз аяқталды. Сөйтіп астана баскетболшылары жеңіске жетті.

Үздік ойыншылар: «Тобыл» сапында ең үздік ойыншы дабл-даблы өте қомақты шыққан Антон Быков болды – 30 ұпай, 18 рет доп қағып алды. «Астана» сапында ең тиімді ойыншы Рустам Мырзағаоиев болды (21 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 3 пас және 2 рет допты қағып әкетті), Дмитрий Гавриловтың еншісінде – дабл-дабл (10 ұпай, 13 рет доп қағып алды және 2 блокшот). Ол әрі қостанайлықтардың соңғы шабуылына тосқауыл қойып тойтарды.

Келесі ойын: Ертең, 3 сәуір күні астана баскетболшылары Атырау облысының құрама командасымен кездеседі. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-да.

Естеріңізге сала кетейік, елорда клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі екі ойынына билеттер сатыла бастады: 15 сәуір күні – «Лококмотив Кубань»
 клубымен және 21 сәуірде – «Енисей» командасымен.

Барлық ойындар жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл