ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
УНИКС
Казань
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
02.03.2019, 21:00 Сн
Арена: Баскет Холл (Казань)
95:98
Негізгі уақыт
22:21 25:25 20:26 28:26
Ойын нөмірі: RS-124
Көрермен: 3523
Астана
Астана

«Астана» Казанда УНИКС клубымен додаға түседі

01.03.2019, 08:00    Просмотров: 524
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Ертең, 2 наурыз күні, Казань қаласындағы «Баскет-холл» спорт аренасында, «Астана» Президенттік баскетбол клубы мен Казанның УНИКС командасы арасында, ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының кезекті ойыны өтеді.

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/14
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/04
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/11
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/03
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/10, 2011/12, 2015/16 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11

Биыл бұл екі команда Астанада кездескен. 12 қаңтар күні елорда төрінде өткен матчта, Казань қаласынан келген УНИКС елорданың «Астанасынан» сәл-пәл ғана басым түсіп, 4 ұпай айырмасымен ұтып кеткен болатын. Есеп – 83:79 (17:19, 26:17, 14:27, 26:16). Дәл қазір УНИКС (Казань) клубы ВТБ лигасының турнир кестесінде 2-ші орынды иемденіп тұр, ал елорданың «Астанасы» 5-ші орынға орналасқан.

«Астана» баскетбол клубы Казань қаласында УНИКС клубынан есе қайтара ала ма және жеңісті жолын жалғастырып, бесінші рет қатарынан жанкүйерлерін қуаншқа бөлей ме, оны сіздер 2 наурыз күні біле аласыздар.
Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі. Бұл ойынды 3 наурыз күні таңертеңгі сағат 07:00-де «Qazsport»телеарнасы.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астананың» соны жетістігі! Казанда УНИКС талқандалды!

03.03.2019, 08:00    Просмотров: 961
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазақтың «Астанасы» түзде өткен матчта Ресейдің УНИКС клубын тізе бүктірді – 98:95 (21:22, 25:25, 26:20, 26:28).

УНИКС (14-3) биыл ЦСКА клубымен 1-ші орынға таласып жүр, «Астана» (11-6) командасы да көшбасшылар қатарында төбе көрсетіп келеді. Қазақстан командасы жеңіске жеткен жағдайда, жеңістерінің саны бойынша «Химки» клубымен теңесер еді. Ойынның бірінші жартысында Эмиль Райковичтің командасы турнир кестесінің жоғарғы жағында тұрғандары кездейсоқтық емес екендігін көрсете білді. Екі команда да матчтың осы бөлігінде бір-біріне дес берген жоқ.

Ең алшақ есеп айырмасы 6 ұпай болды – «Астана» үлкен үзіліске бір жарым минут қалғанда, Энтони Клеммонстың алыстан дөп түсірген добының арқасында суырылып алға шықты (46:40). Алайда қонақтар алда ұзақ тұра алмады. УНИКС 7:0 есебімен серпіліс жасап, Трент Локеттің ысқырық шалынғанға дейінгі доға сыртынан дәл түсірген добымен таразы басын өздеріне қарай аударды – 47:46. Шығыршық ауыстырғаннан кейін де ойын өрісі өзгерген жоқ. Командалар матч соңына иық тіресе жетті. Есеп – 79:79.

Соңғы минуттарда, УНИКС сапындағы, ақпан айында Лигада MVP болып танылған Пьеррия Хенри әдеттегідей ойын тізгінін өз қолына алды. Қорғаушы өзінің жеке дара әрекеттерінің арқасында 9 ұпай еншіледі. Бұл казандықтардың алға ұзап шығуына мүмкіндік берді (матчтың аяқталуына бір жарым минут қалғанда – 91:84). Бірақ матч тағдырын Майкл Дженкинс пен «Астананың» қорғанысы шешті. Қорғаушы 8 ұпай еншіледі, ең маңыздысы матчтың аяқталуына 33 секунд қалғандағы 3-ұпайлық добы болды (92:91). Ал қонақтардың қорғанысы ақ-жасыл жейдеділерге небәрі 4 ұпай еншілеуге ғана мүмкіндік берді. Шешуші сәтте Қазақ елі командасы айып соққыларын мүлтіксіз орындап, жеңісті уыстарынан шығарған жоқ.

«Астана» биылғы маусымда 12-ші рет жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша «Химки» клубымен теңесті. Қазақстан чемпионы клуб тарихындағы ең үздік нәтижесін қайталауы тиіс (13).
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • УНИКС: Пьеррия Хенри (34 + 7 пас + 3 рет допты ”қиып” әкетті), Рэймар Морган (20 + 5 рет доп қағып алды), Джамар Смит (12).
  • «Астана»: Майкл Дженкинс (24), Джей Джей О’Брайен (18 + 13 рет доп қағып алды), Энтони Клеммонс (16 + 6 пас).

Цифр: 4 – осынша жыл «Астана» УНИКСті жеңе алмай жүрген еді. Қазақ елі командасы ресейліктерді 2015 жылдың наурыз айынан бері алғаш рет жеңіп отыр.

Үздік ойыншы: Майкл Дженкинс. Қорғаушы жеңіске жеткен команда сапында ең көп ұпай еншілеген ойыншы болып (24), 8 ұпайды соңғы минуттарда салды. Бұл матч тағдырына ықпал етті. Түптеп келгенде, оның дәл түсірген добы шешуші соққы болды.

УНИКС клубының бас бапкері Димитрис Прифтис:
— Бірінші кезекте, «Астана» клубын құттықтаймын. Екіншіден, біздің бұл ойынға шыққанда құлшынысымыз ойдағыдай болмаған сыңайлы. Матчтың бірінші жартысында қонақтар 46 ұпай еншіледі. Біз екінші кезеңде тырысып, тіпті сегіз ұпай айырмасымен алға да шықтық. Бірақ біз дәл сол сәтте бәрін де ақылмен жүзеге асырмадық. Ақыр соңында ұтылып қалдық. Бірақ бар мәселе, біздің ұтылып қалғанымызда емес, бүгін біздің қандай құлшыныспен алаңға шыққанымызда болып тұр. Ойыншы дегеніміз – күнде өз міндетін тыңғылықты атқаратын адам. Бір ойынды жақсы ойнап, екіншісінде өзіңнің кім екеніңді ұмытып кетуге болмайды.


«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович: 
— Бұл өте қызық ойын болды. Екі команда да көп ұпай еншіледі. УНИКС бүгін фаворит болды. Бірақ екі аптаға созылған үзіліс олардың ойын ырғақтарына, спорттық баптарына әсер еткен сыңайлы. Мен өз жігіттерімді мақтан тұтатындығымды атап өткім келеді. Құлақтарына құйған тактикалық тапсырмаларымды қалай жүзеге асырғандарына ризамын. Әсіресе, ойынның екінші жартысында көңілімнен шықты. Матч соңында Астанада өткен бірінші ойындағы қателіктерімізді қайталамауға көп көңіл бөлдік деп ойлаймын. Онда біз шығыршықтан қайтқан допты қағып ала алмай, ұтылып қалғанбыз. Бүгін бойлары аласарақ бес ойыншымен ойнасақ та, тура сондай сәтте шығыршықтан қайтқан допты қағып алдық. Сол үшін өзімді бақытты сезініп тұрмын.


Елорда командасы келесі ойындарын үйде өткізеді. Астаналықтар 4 және 5 наурыз күндері өз алаңында Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдап, ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түседі.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуін түзде өткізеді. 11 наурыз күні елорда баскетболшылары Таллинге барып, онда жергілікті «Калев» баскетбол клубымен ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кездеседі.
 
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Казань Сайт: www.unics.ru

Сипаттамасы

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/2014, 2018/2019, 2021/2022
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/2004
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/2003
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11, 2018/2019, 2021/2022

Команданың жалпы суреті

УНИКС