Жолдастық кездесу
Астана
Астана
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
12.09.2017, 20:00 Сс
Арена: Утена Арена (Утена)
83:79
Негізгі уақыт
18:11 23:16 19:24 23:28
Ойын нөмірі: ТМ-4
Көрермен: 0
Ювентус
Утена

«Астана» жолдастық кездесуде «Ювентус» клубын жеңді

13.09.2017, 13:00    Просмотров: 502
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» баскетболшылары Литвада жүргізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында кезекті жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы Қазақстан командасының қарсыласы Утена қаласының «Ювентус» деген клубы болды.

«Астана» ойыншылары бірінші минуттан бастап қорғаныста мұқият ойнап, соққыларын діттеген жерлеріне жөп түсіріп отырды. Мұндай нәтижелі ойын өрнегі жемісін беріп, матчтың бірінші жартысында елордалықтар алға шықты. Үлкен үзілістен кейін қорғаныс шебінде жанкештілік танытып, Джастин Картердің мергендігінің арқасында ұпай айырмасын еселей түсті. Есеп «50:29» болып, қарсыластары ойын аяғына дейін қуып жете алмады.

Сөйтіп, бұл матч «Астана» клубының жеңісімен аяқталды – 79:83 (11:18, 16:23, 24:19, 28:23).

Бұл кездесуде Джастин Картер ерекше көзге түсіп, ең көп ұпай жинаған ойыншы болды. Оның еншісінде – 35 ұпай.

«Астана» келесі кездесуін бүгін, яғни 13 қыркүйек күні өткізеді. Ендігі қарсыласы Пренай қаласының «Вытаутас» командасы болады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1999 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Литва Арена: Утена Арена
Қала: Утена Сайт: www.utenosjuventus.lt/

Сипаттамасы