ВТБ Бірыңғай лигасы 2016/2017
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Плей-офф 1/4 финалы
10.05.2017, 20:00 Ср
Арена: Барыс Арена (Нұр-Сұлтан)
73:91
Негізгі уақыт
15:19 10:25 25:20 23:27
Ойын нөмірі: QF/11
Көрермен: 845
ЦСКА (МСК)
Мәскеу

ВТБ Бірыңғай лигасы — «Астана» мен ЦСКА плей-офф додасында

09.05.2017, 17:00    Просмотров: 541
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 10 мамыр күні ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысындағы үшінші ойыны өтеді. «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасының 1/4 финалы аясында Мәскеудің әскерилер клубын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы екі ойында да ВТБ Бірңғай лигасының  соңғы чемпионы, яғни Мәскеудің ЦСКА командасы жеңіске жеткен болатын (77:54, 94:74). Ал екеуара дода үш жеңіске дейін созылады.

Реті келгенде айта кетуге тиіспіз, «Астананың» қарсыласы соңғы 10 жылдағы Еуропаның ең үздік клубтарының бірі болып саналады.

Ойын 10 мамыр күні «Барыс-Арена» мұзайдын сарайының аренасында өтеді. Басталуы, Астана уақытымен – 20:00-де. Кіру тегін.

Астананың барлық тұрғындары мен қонақтарын осы ойынға келіп, өз клубымызға қолдау көрсетуге шақырамыз.

«Астана» ВТБ лигасының жартылай финалына шыға алмады

11.05.2017, 09:00    Просмотров: 560
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ширек финалдың үшінші матчында Ресейдің ЦСКА командасы түзде қазақтың «Астанасынан» басым түсті — 91:73 (19:15, 25:10, 20:25, 27:23)

«Барыс-Аренада» өткен кездесудің басында «Астана» айбынды қарсыласына дес берген жоқ – бірінші 10-минуттықтың қорытындысы бойынша небәрі 4 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Бұл әскерилер командасына ұнаған жоқ, әрине. Ойынның екінші ширек бөлігінде қонақтар басымдық танытты: ағайынды Кулагиндер қарқындарын үдетті, одан әрі Нандо Де Коло көсіле шапты – осылай алаң иелері үшін ұпай айырмасы тым ерсі «+20» межесіне таяды (44:25 үлкен үзілісте). Әйтсе де, «Астана» намысты қолдан берген жоқ. Роберт Лоури қолынан келгеннің бәрін жасап, қазақстандықтарды жігерлендіре түсті. ЦСКА-ның ұпай айырмасын одан әрі ұлғайтуына мүмкіндік бермей жанталасты. Алайда әскерилер командасы ойынның соңғы ширек бөлігінде қайтадан қыспаққа алып, жеңісті уыстарынан шығармайтындарын сездірді. Сөйтіп, қызыл-көк жейделілер жартылай финалға шықты, енді олардың қарсыласы «Локомотив-Кубань» – УНИКС жұбының жеңімпазы болады. 
      
Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (20 + 6 рет доп қақшып алды + 5 пас), Усман Крубалли (15 + 9 рет доп қақшып алды), Родерик Одом (11 + 8 рет доп қақшып алды)

ЦСКА: Нандо Де Коло (18 + 8 пас), Виталий Фридзон (14), Джоэл Фрилэнд (13), Дмитрий Кулагин (12)

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
— Біз ЦСКА баскетболшыларымен өткен осы үш ойында өзіміздің ең үздік ойын өрнегімізді көрсетуге тырыстық – өздеріңіз де түсінесіздер, екі команданың деңгейі әр түрлі. Сонда да, осы үш ойынның бәрінде де біздің ойыншыларымыз мейілінше тайталасып бақты. Мен біз мұны іс жүзінде көрсете алдық деп ойлаймын. Биылғы маусым үшін командаға рахмет – біз алдымызға қойылған мақсаттардың бәрін орындадық.

ЦСКА бас бапкері Димитрис Итудис:
— Команданы 3-0 есебімен жеңіске жетуімен құттықтаймын. Мұнда келгенде кейбір ойыншыларымыз жарақаттанып қалып, көңіл-күйіміз күпті болды. Мен Дима Кулагиннің жарақаты соншалықты ауыр емес деп үміттенемін. «Астана» командасын биылғы мауысымда сенім ақтап шығуларымен құттықтаймын және алдағы уақытта жолдары болуына тілектеспін.

Осымен, «Астана» үшін ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымы тәмамдалды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1923 Клубтық түстері: қызыл, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСК ЦСКА
Қала: Мәскеу Сайт: www.cskabasket.com

Сипаттамасы

ЦСКА – Ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2019
  • КСРО Кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982
  • Ресей Кубогының жеңімпазы – 2005-2007
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971
  • Еуролига чемпионы − 2005/06, 2007/08, 2015/16 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012-2018/19, 2020/21
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/2011, 2021/2022
  • Нева Кубогының жеңімпазы — 2020
  • А. Я. Гомельский Кубогының жеңімпазы - 2020

Команданың жалпы суреті

ЦСКА (МСК)