Турнирлер

Турнир жайлы

Ақпарат

Мемлекет: Қазақстан Құрылған жылы: 2003 Сайт: www.nbf.kz
Өтетін уақыты: 02.04.2019 – 06.04.2019 Командалар саны: 5 Өткен маусымдағы жеңімпаз: Астана

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Кубогы – баскетболдан ерлер арасындағы Ұлттық дода, Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының 2003 жылғы бастамасымен өткізіледі. 

Қазақстан кубогына Ұлттық және Жоғары лигаларда ойнайтын командалар қатысады. 2015 жылдан бері ел кубогына, міндетті түрде, тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншылар ғана қатыса алады. 

Турнирдің өткізілу жүйесі жыл сайын құрастырылатын, ҰБФ бекітетін және өкілетті органмен үйлестірілетін «Баскетболдан Қазақстан Республикасының кубогын өткізу туралы ережеде» көрсетіледі.

Турнирдің өткізілу тәртібі

Баскетболдан 2019 жылғы Қазақстан Республикасының кубогы 2 - 6 наурыз аралығында Алматы қаласында, «Алматы Легион» баскетбол клубының үйдегі ойындарын өткізетін «Достық» спорт кешені сарапқа салынады.

Ел кубогы додасына Ұлттық лигада өнер көрсететін 5 команда қатысады. Олар – «Астана» Президенттік баскетбол клубы, оңтүстік астана өкілі «Алматы Легионы», батысқазақстандық Атырау облысының баскетболшылар, Көкшетаудың баскетбол клубы «Синегорье» және Қостанайдың «Тобылы».

Өткізілу жүйесі мен мерзімі: Биылғы ел кубогы жатық чемпионат жүйесі бойынша өтеді. Финал болмайды. Командалар 1 айналымдық жүйе негізінде бір-бірімен кездесіп шығады. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша командалар 1-5 орындарға жіктеледі.

Турнир қорытындысы: Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командаға «Баскетболдан 2018 жылғы Қазақстан Республикасы кубогының иегері» деген атаққа ие болады. Командаға диплом және Кубок табыс етіледі, ал ойыншылары мен жаттықтырушылары дипломдармен және алтын жүлделермен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болған командалар, ойыншылар және жаттықтырушылар алған орындарына тиесілі дәрежедегі дипломдармен және жүлделермен марапатталады.