Турнирлер

Турнир жайлы

Ақпарат

Мемлекет: Қазақстан Құрылған жылы: 2003 Сайт: www.nbf.kz
Өтетін уақыты: 05.03.2018 – 07.03.2018 Командалар саны: 4 Өткен маусымдағы жеңімпаз: Астана

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Кубогы – баскетболдан ерлер арасындағы Ұлттық дода, Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының 2003 жылғы бастамасымен өткізіледі. 

Қазақстан кубогына Ұлттық және Жоғары лигаларда ойнайтын командалар қатысады. 2015 жылдан бері ел кубогына, міндетті түрде, тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншылар ғана қатыса алады. 

Турнирдің өткізілу жүйесі жыл сайын құрастырылатын, ҰБФ бекітетін және өкілетті органмен үйлестірілетін «Баскетболдан Қазақстан Республикасының кубогын өткізу туралы ережеде» көрсетіледі.

Баскетболдан 2018 жылғы Қазақстан Республикасының кубогы 5 - 9 наурыз аралығында Астана қаласында, «Астана» баскетбол клубының үйдегі ойындарын өткізетін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сарапқа салынады.

Турнирдің өткізілу тәртібі

Өткізілу жүйесі мен мерзімі:
 
Турнир финалдық ойындарсыз жатық чемпионаты үлгісі бойынша өткізіледі – командалар бір-бірімен 1 айналымдық жүйе бойынша бір ойыннан өткзіп шығады. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша командалар 1-5 орындарға орналасады.

Турнирге қатысушылар
  1. «Астана» БК, Астана қ.
  2. «Атырау Барыстары» БК, Атырау қ.
  3. «Каспий» БК, Ақтау қ.
  4. «Тобыл» БК, Қостанай қ.

Турнир қорытындысы:
 
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командаға «Баскетболдан 2018 жылғы Қазақстан Республикасы кубогының иегері» деген атаққа ие болады. Командаға диплом және Кубок табыс етіледі, ал ойыншылары мен жаттықтырушылары дипломдармен және алтын жүлделермен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болған командалар, ойыншылар және жаттықтырушылар алған орындарына тиесілі дәрежедегі дипломдармен және жүлделермен марапатталады.