Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнімен құттықтайды!

01.12.2016, 08:00    Оқылғаны: 1346
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Президенттік баскетбол клубы барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнімен құттықтайды!

Бірінші Президент күні – қысқа мерзім ішінде қанатын кең жайған, жасампаз, қуатты, әлеуеті зор мемлекеттің – Қазақстан Республикасының мемлекет болып дамуы мен қалыптасуында жаңа дәуірге бастайтын мереке. Бүгінде Қазақстан ұлтаралық бірлігі жарасқан, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерді жүзеге асырған, экономикасы, ғылымы және мәдениеті үнемі жетіліп келе жатқан мемлекетке айналды. Қазақстанның Бірінші Президенті күні Ұлт көшбасшысының өркендеу мен өрлеу жолында халықпен бірлігі мен тұтастығын сомдайды.   

Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, береке, бірлік, бейбітшілік тілейміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы үнемі өркендей берсін!



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»