Валерий Тихоненко олимпиадашылардың «Чемпиондар аллеясына» ағаш отырғызды

19.05.2017, 19:00    Оқылғаны: 1649
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін қазақстандық Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткерлері Астанадағы спорт жұлдыздары аллеясына шырша ағаштарын отырғызды.



Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен эко-бастамасы – «Чемпиондар аллеясы» дәстүрлі шара болып саналады. «Чемпиондар аллеясы» былтыр Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен ашылып, негізі қаланған.

Бүгін «Астана» ПБК бас менеджері Валерий Тихоненкомен бірге Олимпиада ойындарының басқа да чемпиондары ағаш отырғызды: Сергей Котенко (су добы),  Юрий Мельниченко (грек-рим күресі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика),  Ермахан Ибраимов (бокс) және Олимпиада жүлдегерлері Виктор Абоимов (жүзу), Болат Жұмаділов (бокс).



Валерий Алексеевич Тихоненко осындай игілікті шараларға ылғи да қатысып тұруға қуанышты екендігін мәлімдеді:
«Спортшылар дүбірлі додалар мен жарыстардан тек медаль әкеліп тұрмай, өзгелелерге осындай игілікті шараларда үлгі бола білуі керек. Біздің Олимпиада комитетіне рахмет, бізді, яғни ардагерлерді үнемі қалдырмай шақырып тұрады, мұнда біз өз достарымызды – «жас шағымыздағы командамызды» көріп, мәре-сәре болып қаламыз», дейді Валерий Алексеевич.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»