«Астана» ВТБ лигасының жартылай финалына шыға алмады

11.05.2017, 09:00    Оқылғаны: 564
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ширек финалдың үшінші матчында Ресейдің ЦСКА командасы түзде қазақтың «Астанасынан» басым түсті — 91:73 (19:15, 25:10, 20:25, 27:23)

«Барыс-Аренада» өткен кездесудің басында «Астана» айбынды қарсыласына дес берген жоқ – бірінші 10-минуттықтың қорытындысы бойынша небәрі 4 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Бұл әскерилер командасына ұнаған жоқ, әрине. Ойынның екінші ширек бөлігінде қонақтар басымдық танытты: ағайынды Кулагиндер қарқындарын үдетті, одан әрі Нандо Де Коло көсіле шапты – осылай алаң иелері үшін ұпай айырмасы тым ерсі «+20» межесіне таяды (44:25 үлкен үзілісте). Әйтсе де, «Астана» намысты қолдан берген жоқ. Роберт Лоури қолынан келгеннің бәрін жасап, қазақстандықтарды жігерлендіре түсті. ЦСКА-ның ұпай айырмасын одан әрі ұлғайтуына мүмкіндік бермей жанталасты. Алайда әскерилер командасы ойынның соңғы ширек бөлігінде қайтадан қыспаққа алып, жеңісті уыстарынан шығармайтындарын сездірді. Сөйтіп, қызыл-көк жейделілер жартылай финалға шықты, енді олардың қарсыласы «Локомотив-Кубань» – УНИКС жұбының жеңімпазы болады. 
      
Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (20 + 6 рет доп қақшып алды + 5 пас), Усман Крубалли (15 + 9 рет доп қақшып алды), Родерик Одом (11 + 8 рет доп қақшып алды)

ЦСКА: Нандо Де Коло (18 + 8 пас), Виталий Фридзон (14), Джоэл Фрилэнд (13), Дмитрий Кулагин (12)

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
— Біз ЦСКА баскетболшыларымен өткен осы үш ойында өзіміздің ең үздік ойын өрнегімізді көрсетуге тырыстық – өздеріңіз де түсінесіздер, екі команданың деңгейі әр түрлі. Сонда да, осы үш ойынның бәрінде де біздің ойыншыларымыз мейілінше тайталасып бақты. Мен біз мұны іс жүзінде көрсете алдық деп ойлаймын. Биылғы маусым үшін командаға рахмет – біз алдымызға қойылған мақсаттардың бәрін орындадық.

ЦСКА бас бапкері Димитрис Итудис:
— Команданы 3-0 есебімен жеңіске жетуімен құттықтаймын. Мұнда келгенде кейбір ойыншыларымыз жарақаттанып қалып, көңіл-күйіміз күпті болды. Мен Дима Кулагиннің жарақаты соншалықты ауыр емес деп үміттенемін. «Астана» командасын биылғы мауысымда сенім ақтап шығуларымен құттықтаймын және алдағы уақытта жолдары болуына тілектеспін.

Осымен, «Астана» үшін ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымы тәмамдалды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»