«Астана» баскетболшылары «Түнгі студияда» қонақта

10.05.2017, 16:00    Оқылғаны: 1031
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Астана баскетболшылары шүмектетіп тер төгіп, жаттығу жұмыстары мен ресми ойындар өткізіп қана қоймай, көңіл көтеретін әртүрлі шоуларға да қатысуға уақыт тауып отырады.

Мәселен, маңызды ойындар арасында Рустам Мырзағалиев, Роберт Лаури сынды баскетболшыларымыз бен команданың бас бапкері Илиас Папатеодору түнгі шоудың жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевта қонақта болды. Баскетболшылар биік бойдың артықшылығы мен кемшілігі, елорда тұрғындары мен қызыл шұнақ аязы, ұстаздарының қаталдығы туралы қызықты сұхбат беріп, басқа да тақырыптарда әңгіме-дүкен құрды. 

Бұл бағдарламаны сіздер бүгін 23:15-те «Қазақстан» телеарнасынан көре аласыздар.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»