Усман Крубалли «Америкалықтар Қазақстанда» жобасында

03.05.2017, 13:00    Оқылғаны: 2400
Дереккөз: Esquire Kazakhstan
Автор: Канат Бейсекеев
«Астана» ПБК америкалық легионері Усман Крубалли қазақстандық танымал режиссер Қаната Бейсекеевтің «Америкалықтар Қазақстанда» жобасының бір кейіпкері болды.
 
Онда Усман Қазақстанда қалай тұрып жатқаны, қалай кәсіпқой баскетболшы болғаны, біздің ел туралы алғашқы әсерлері, АҚШ-тағы саяси және діни жағдайларға көзқарасы жайлы сыр шертті.
 

Менің аты-жөнім – Усман Крубалли. Джорджия штатындағы Атланта тумасымын. Жасым 28-де. Кәсіпқой баскетболмен айналысып жүргеніме 7 жыл болды. Еуропадағы баскетбол клубтарында ойнадым, ВТБ лигасына жақында ғана ауыстым.

Неге баскетболды таңдадыңыз?

Бала кезімде өте ширақ едім, сондықтан ата-анам мені баскетбол үйірмесіне берді. Басында бәрі таңсық еді, бірақ бірте-бірте баскетбол маған ұнай бастады. Мен ерінбей еңбектендім. Уақыт өте әлгі әуестік құштарлықа айналды, сондықтан мен спортқа мейілінше көңіл бөлдім. Мен кезінде футбол да ойнағанмын.

Онда неге футболшы болмағансыз?

Колледжде футболдан гөрі баскетболда көзге көп іліктім. Мүмкіндіктерім молырақ болды, сондықтан осыған ден қойдым. Футбол ойнағанды әлі де жақсы көремін, себебі осы ойынның арқасында тез қимылдап, аяқтарымды шынықтырдым.

Баскетболда сізге шабыттандырған кім?

Майкл Джордан. Менің де Майк сияқты болғым келді. Менің ағам бар, ол да спортпен шұғылданған, әрі менің де спортшы болуыма ықпал етті.

Америкалықтар олар кімдер, қандай адамдар?

Біз өз елімізді сүйеміз, өз мүмкіндігімізге қарай өмір сүруге талпынамыз. Сонымен қатар, өзіміз үшін басқа да елдер мен олардың мәдениетін танып, білуге дайынбыз. Бұл тұрғыда маған баскетбол көмектеседі. Америкалық жас буын, басқа елдердің жастары секілді, саяхаттағанды жақсы көреді, өмірді көргісі келеді. Былайша айтқанда, олар өз еліне алдыңғы буын сияқты байланып қалған емес.

Америкалықтар әр түрлі – Солтүстікте және Оңтүстікте, Батыста және Шығыста. Әр түрлі тұлғаларды, адамдарды көруге болады. Жалпы, біз ашық, жылы шырайлы халықпыз, үнемі көмек көрсетуге дайын тұрамыз.

Американцы в Казахстане. Усман Крубалли 2

Қазақстанға келмей тұрып, біздің ел туралы естіп пе едіңіз?

Жоқ, естіген емеспін. Бұған дейін жолым түсіп, жұмыс жасап, өмір сүрген елдермен салыстырғанда, Қазақстан – мүлде өзгеше. Сондықтан мен мәдени есеңгіреуді басымнан кешіріп, таң-тамаша болдым. Бұл мен үшін ең бірінші Азия елі, ал мен Қазақстандағы халықтың басым көпшілігі мұсылмандар деп ойлаған жоқ едім.

Астана – әдемі қала, мұнда бизнес пен сауда өте жоғары деңгейде дамыған. Мен осындай қалаға тап боламын деп, көз алдыма елестеткен де емеспін. Кейде мүлде қаперіңе кіріп шықпаған жерден ең үздік мүмкіндіктер туындайды ғой. Сол себепті мен бұл мүмкіндікті қалт жібермей, Қазақстанға келуге келісім бердім.

Қазақстанға келгенше қайда тұрып, жұмыс жасадыңыз?

Грекияда, Италияда, Голландияда, Ұлыбританияда, Словенияда және Германияда. Бұл елдерге де мен шақырту бойынша бардым – баскетбол командаларында ойнадым. Қазақстанға келгенше, Грекияда ойнаған болатынмын, ал оған дейін – Италияда. Әрбір елдің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар. Бәріне бейімделу керек, оның ішінде баскетбол ойынына да. Моральдік жағынан да, тактикалық тұрғыда да бейімделу керек.

Өзіңізге осы көшіп-қонып жүрген өміріңіз ұнай ма?

Маған өзім сүйетін іспен айналысып жүргенім ұнайды. Әрі басқа елдерде болып, солардың мәдениетімен, тілімен танысуға болады. Осы елдердің әрқайсысында мен 10 айдай тұрдым, яғни бір маусым осынша уақытқа созылады. Маусым біткен соң әдеттегідей Америкаға қайтамын. Дем аламын, содан соң жаңа маусымға дайындалу үшін жаттығу жұмыстарын бастаймын.

Басқа елге барамын ба, жоқ әлде соған дейін ойнаған мемлекетке қайтып барамын ба, ол – шақыртқан командамен арадағы келісімге байланысты. Әрине, менің ең басты мақсатым – ҰБҚ (NBA) мен Еуролигада ойнау. Осы мақсатыма жетуге тырысып және тер төгіп жүрмін. ҰБҚ-да ойнауға қол жеткізу оңай емес. Белгілі бір адамдарды біліп, олардың сен байқап қалуы үшін белгілі бір дейгейде «жарқ» етіп көзге түсу керек.  

Қалай кәсіпқой баскетболшы болуға болады?

Біріншіден, университет бітіру керек. Содан соң сенің мүддеңді қорғайтын агент тауып алу керек. Неғұрлым тәжірибесі мол, байланыстары көп маман болғаны жөн. Сені көріп-бағалайды, қабілетің мен мүмкіндігіңді анықтайды. Егер қандай да бір клубқа ұнасаң, онда өздеріне шақыртулары мүмкін. Одан кейін келіссөздер мен келісімшартқа отыру рәсімдері өтеді. Онда барлық шарттар (мерзімі, гонорар және т.б.) қаралып, қол қойылады.   

«Астана» баскетбол командасы жайлы айтыңызшы.

Командада меннен басқа үш америкалық, бір грек бар. Команданың қалған ойыншылары – қазақстандықтар. Біз бірге жұмыс жасаймыз, шеберлігімізді бірге жетілдіре түсуге талпынамыз. Біз жаңа маусымға дайынбыз деп ойлаймын, мен оның басталуын тағатсыз күтіп жүрмін және жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Алдағы матч менің Қазақстандағы ең алғашқы ойыным болады, жанкүйерлері қызу қолдайды деген үміттемін.

Сіз үшін жанкүйерлердің ең маңызды қолдауы?  

Әуелі ойындар мен жеңістер маңызды. Ойыншы бірінші кезекте ойынды ойлауы керек, жанкүйерлер келе ме, жоқ па, оны емес. Нәтиже, командалық ойын және жеңістер маңызды. Әрине, жанкүйерлер келіп, қолдау көрсетіп отырғаны – өте жақсы. Десек те, ең басты мақсат – әр ойында жеңіске жету.

Сіздің күнделікті кестеңіз қандай?

Спортзалда жаттығу мен тәжірибені кезектестіріп отырамыз. Залда өте көп уақыт өткіземіз. Денемізді де шынықтырамыз, үнемі спорттық бабымызда болуға тырысамыз.

Қазақстан мен Америкадағы баскетболдың қандай айырмашылығы бар?

Ойынға деген көзқараста, ойлау үрдісінде аырмашылық бар. Бізде ҰБҚ бар, сөз жоқ, бұл – бәсекелестіктің өзгеше бір деңгейі.

Американцы в Казахстане. Усман Крубалли 3

ҰБҚ әлі бірде-бір қазақ ойнаған жоқ…

Ешқашан кеш емес. Жаңа буын өсіп келеді, сондықтан бәрі де мүмкін. Үнемі бірінші болу мүмкіндігі бар. АҚШ-та, бейсболды, баскетболды, футболды дамытуға орасан зор ақша жұмсалады. Бұл – үлкен бизнес. Мен өзіме ұнайтын ойынмен айналыса жүріп, қомақты ақша табу болатын мүмкіндігім бар екеніне қуаныштымын. Өз өнеріммен өзгелерді жігерлендіре алатыныма қуаныштымын. Мен мемлекеттен қандай да бір қаржылай қолдау көрсетілмейтін кішкене ғана мектепте оқыдым. Сондықтан қазіргі жетістігіме жету үшін де шүмектетіп тер төгуіме тура келді. Әрбір жыл өтіп кеткенінен табысты болып отырды, бұл тұрғыда жолым болды. Мұның бәрі ерінбей еңбек етудің, сүйікті ісіме жан-тәніммен берілудің арқасында жүзеге асты. Мен бұдан да жоғары жетістіктерге жетіп, ең жоғарғы деңгейге көтерілу үшін толассыз жұмыс жасауды жалғастыра беремін.        

Неге сіз әрбір жаңа маусымды жаңа команда сапында бастағансыз?

Солай болды. Кәсіпқой спорттағы алғашқы екі жылымды бір команда сапында өткіздім. Одан кейін жыл сайын бір жылдық келісімшарттарға отырып, бірнеше елде ойнадым. Мен ойнаған командалардың бәрі де жақсы ұжымдар болды, бірақ жоғары деңгейдегі емес. Мен өз мақсатымнан ауытқымаймын, ең жоғарғы деңгейге көтерілгім келеді, сондықтан команда ауыстырып отыруға тура келді. 

Ойын мен жаттығу жұмыстарынан кейінгі бос уақыттарыңызды қалай өткізесіз?

Дем аламын, отбасыммен бірге өткіземін, әр қаланың көңіл бөлерлік жерлерін аралаймын. Жаяу көп жүремін, айналамдағылардың бәрін зерттеймін. Фильмдер көремін, оқимын, өзімнің ғаламтордағы сайтыммен айналысамын. Жұмыс жеткілікті.

Қазақстандықтар арасында достарыңыз бар ма?

Таныстарым бар. Менің Қазақстанға жақында ғана келгенімді ұмытпаңыз. Ал адамдармен жақынырақ танысып, достасып кету үшін уақыт керек.

Бұл жердегі адамдармен қалай түсінісесіз?

Мен ағылшын тілі негізгі тіл болып саналмайтын елдерде болғанмын. Ыммен түсіндіруге немесе Гугл-аудармашының көмегімен аударуға тура келген. Тіл білмейтіндікпен шырғаланып жүруге болмайды, жаңа ортаның шарттарына бейімделу керек.

Американцы в Казахстане. Усман Крубалли 4

Мысалы, мен Грекияда аздап грекше сөйлеуді үйрендім. Бұл маған тез сіңіп кетуге көмектесті. Қиын, әрине, егер жергілікті тілді белмесең және жергілікті халық ағылшын тілінде сөйлемесе – бұл өмірді қиындатады. Бірақ өмір деген кез келген қиын қыстау кезеңде жолын тауып кетуден тұрады. .
 
Сіз үнемі АҚШ-тан тыс жүресіз. Өз еліңіздегі саяси жағдайларға көңіл аударып отырасыз ба?

Иә, көңіл бөліп отырамын. Алдағы сайлауда сырттай дауыс беремін деп ойлаймын (ескерту – сұхбат Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайланғанына дейін жазылған).
Мен үміткер Хиллари Клинтонның көзқарастарына қосыламын, ол сайланса оң өзгерістер енгізіп, президент Обаманың елге жасағандарын толықтыра түседі деп ойлаймын. Бірақ сіз қанша адамның Дональд Трампты қолдайтындарын білсеңіз, таң қалар едіңіз. Әркімнің өз көзқарасы бар ғой…

Мемлекетті ең тиімді бағытқа түсіре алатын кандидатты сайлау маңызды. Қазір дұрыс шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер өте көп. Көреміз, сайлау нәтижесінің қандай боларын. Хиллари Клинтоның жеңіске жетер мүмкіндігі бар деп санаймын.

Президент Обама жайлы не ойлайсыз?

Ол мемлекет үшін көп іс тындырды деп ойлаймын. Конгресс мүшелеріне ұсынылған заң жобасын қолдап дауыс берулеріне ықпал ету оңай емес қой. Әрине, көптеген заң жобалары қабылданған жоқ, әйтсе де Обама көптеген бастамалардың жүзеге асуына ықпал етті.

Егер өткен жылдардағы статистикаларға көңіл аударсақ, онда көптеген жұмыс орындары ашылғанын байқауға болады. Алға жылжу бар, бірақ кейбіреулер Обама бұдан да көп іс тындыруы керек еді деп ойлайды. Ол өзге елдердің Америка жайлы түсініктерін едуір жақсартты. Елдің беделін арттырды.

Жағымсыз жағдайлардың да болғанын ұмытуға болмайды. Әйтсе де, Обама америкалықтар үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Ол ел басқарған жылдары мен АҚШ-тан тыс жүрдім, сонда да өзгерістер жайлы айта аламын.

Америкадағы нәсілшілдік туралы не ойлайсыз?

Нәсілшілдік – үлкен мәселе. Полициямен байланысты қарусыз афроамерикалықтарды өлтірген оқиғалар мен жағдайлар… Сұмдық. Бәріне жүйе кінәлі, оны өзгерту керек. Азаматтық құқық қозғалыс дәуірі баяғыда өткен сияқты еді, бірақ жақында болған оқиғаларға қарасақ, біз соған қайтып келе жатқандаймыз. Өте сақ болу керек, аңдаусызда көшеде біреулер тоқтатса, үйге ораласың ба, жоқ па, өзің білмейсің. Осындай жағдайлардың әлі болып тұратындығы – масқара және өкінішті. Мұндай жағдайлардың жиі болатындағына ерекше көңіл аударып, заңды билікке ықпал ету, жедел бір амалын табу керек. Ал мұны тек нәсілі мен дініне қарамай, бірлесе отырып жүзеге асыруға болады. Шешімін табу керек.  
 
Американың афро-америкалықтар көп тұратын кейбір аудандарында, басқа аудандармен салыстырғанда неге қылмыс деңгейі жоғары деп ойлайсыз? 

Қылмыс бар жерде бар. Ол ауданға байланысты емес, тек афро-америкалықтар көп тұратын аудандарда ғана емес. Бір-бірімізге көмектесу керек, жағдайды түзеуге тырысу қажет. Үкіметтен инфрақұрылымды, мектептердегі жағдайды жетілдіре түсуді сұрау керек. Бірлесе шара қолдануды қажет ететін ұсақ-түйектер көп. Күш – бірлік пен көпшілікте. 
Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанда нәсілшілдік бар ма?

Меніңше, қазақстандықтар қара нәсілді адамдарға үйренбеген. Өйткені сіздерде олар мүлде жоқ. Мен сияқтыларды тірідей көру… таң қаларлық жағдай шығар. Маған бірден көңіл аударады, мен сияқтыларға үйреніп кету үшін уақыт керек деп ойлаймын. Ал мен қазіргі жағдайды жақсы түсінемін, жауап ретінде күле қараймын. Мысалы, кейде айналамдағылардың менімен суретке түскілері келеді. Мүмкін мені ҰБҚ ойыншысы деп ойлайтын шығар, кім біледі. Бірақ нәсілшілдікті мен бұл жерде кездестірмедім.

Сіз Құдайға сенесіз бе?

Иә. Мен – мұсылманмын. Америкада мұсылмандар қауымы өте көп, ал көбісі афро-америкалықтардың басым көбісі христиандар деп ойлайды. Олай емес, Америкада афро-америкалық мұсылмандар көп.

Американцы в Казахстане. Усман Крубалли 5

Менің достарым әр түрлі дінге сенеді. Олардың арасында мұсылмандар да, христиандар да, иудейлер де бар. Бастауыш сыныптарда мен мұсылмандар мектебінде оқыдым, сонда бізде дінаралық бағдарламалар болды. Біз мессаға бардық, синагоганы да көрдік. Әрбір сынып өзгелер сенетін дінмен танысып отыратын. Бұл өзге діндерді түсіну мен ұғыну тұрғысында баға жетпес тәжірибе еді, ал мен күні бүгінге дейін құрмет тұтамын.

Неге ислам дінін таңдадыңз?

Менің отбасым мұсылман дінін пір тұтатын. Мен мұсылман мектебінде дәріс алдым, осы дін туралы көп оқып-білдім. Мұсылмандық парызымды орындау – қазір де өмірімнің ажырамас бір бөлігі. Бес уақыт намазымды оқып, Рамазан айында Ораза тұтамын.  

Сырттан америкалықтар мұсылман дінін мойындамайтындай көрінеді… Меніңше мұның бәрі осыдан сәл ертеректе болған жағдайлардың салдарынан. Олар теледидардан «лаңкестер – олар мұсылмандар» дегенді естиді. Сондықтан ислам мен мұсылмандар туралы бұрмаланған түсінік пайда болған. Адамдар мұны жағымсыз, кері түрде қабылдайды. Кінәсіз адамдар шейт болып жатқанда, сенің көзқарасың өзгереді. Мен мұндай жиіркенішті істерді жасап, өздерін мұсылманбыз деп атайтындарды қолдамаймын.   

Астана жайлы ең алғашқы әсеріңіз қандай болды?

Айттым ғой, мен жақында ғана ұшып келдім. Тек сауда орталықтарында болдым. Сондықтан әлі көп аралауым керек.

Менің жеке жүргізушім бар. Бұл аса үйреншікті емес. Өйткені басқа елдерде жұмыс жасағанымда, мен ары-бері қатынау жағынан тәуелсіз едім. Автобуспен жүретінмін немесе Лондондағыдай пойызбен келіп-кетіп жүрдім. Ал мұнда тек қайда баратының жөнінде хабарлама жіберу керек. Біз, менің жүргізушім екеуміз өз коммуникациямызды әлі жетілдіре түсу үстіндеміз. Маусым аяғына дейін, мен қазақша сөйлегенше, ол ағылшынша тәуір сөйлейтін болады деп ойлаймын.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»