2016/2017 жылдар маусымы додасындағы деректер мен дәйектер

26.04.2017, 09:00    Оқылғаны: 659
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Жексенбі күні ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті маусымы аяқталды, бұл өз тарихындағы сегізінші дода болатын.

Биылғы біріншілікте 22 жеңіс және 2 жеңіліспен ЦСКА жеңімпаз атанды. Мәскеуліктер енді плей-оффтың барлық сатысында өз алаңы басымдығына ие болады. Екінші орынды ресейлік «Зенит» (21-3) иеленді. Үшінші орын «Химки» (19-5) клубына бұйырды, олар «Локомотив-Кубань» (19-5) командасынан тек қосымша көрсеткіштер арқылы жоғары орналасты.
   
Маусым қорытындысы бойынша 1 мамырдан бастап плей-офф додасында бақ сынайтын сегіз команда анықталды. Әр жұптағы ойындар үш жеңіске дейін созылады.

Бірінші кезеңде, 1/4 финалында кездесетіндер: ЦСКА (1) — «Астана» (8), «Зенит» (2) – ВЭФ (7), «Химки» (3) — «Енисей» (6) және «Локомотив-Кубань» (4) — «УНИКС» (5).

Чемпионат аяқталған бетте vtb-league.com оның қорытындысын шығарып, қызықты деректері мен дәйектерін түзді.

156 ойынның 32-ісі (20.5%) бес немесе одан да кем ұпай айырмасымен аяқталды.

9 овертайм маусым бойы (Пермнің «Парма» және Саратовтың «Автодор» клубтары 3 овертаймнан ойнады).

2 Ресей ойыншысы көп ұпай жинап, лига тарихында алғаш рет TOP-6 тізіміне ілікті (Алексей Швед – 2-орын, Сергей Карасев – 6-орын).



2 ойыншы лига тарихында алғаш рет орта есеппен әр ойында 20 ұпайдан артық еншіледі (Ник Миннерат және Алексей Швед).

3 жекелей рекорд жаңартылды – бір матчтағы ұпай (Кит Лэнгфорд), бір матчта доп қақшып алу (ДеАндре Кейн), дабл-дабл карьерасында (Фрэнк Элегар).

6 баскетболшы маусым барысында Жастар лигасынан ВТБ Бірыңғай лигасына тартылып, алғашқы ойындарын өткізді. Бұл ойыншылардың бәрі де 21 жасқа дейінгілер – Егор Куркин, Роман Баландин («Автодор»), Георгий Жбанов («Нижний Новгород»), Илья Усольцев («Локомотив-Кубань»), Александр Платунов («Парма»).



20 мемлекеттен келген баскетболшылар биылғы маусымда алаңға шықты.

83,0 ұпай әр ойында – биылғы маусымдағы барлық командалардың орташа көрсеткіші (лига тарихындағы TOP-3 нәтижесі).

7 ойыншы Лигадағы 8-ші маусымдарын өткізді (барлығы – 8 маусым) – Андрей Воронцевич, Виталий Фридзон, Антон Понкрашов, Никита Курбанов, Дмитрий Соколов, Виктор Хряпа, Грегор Арбет.



73,2 ұпай әр ойында, «Цмоки-Минск» көрсеткіші – Лига тарихында соңғы орын алған командалардың ішіндегі ең үздік нәтиже.

192 баскетболшы кем дегенде бір ұпай еншіледі.

2 –ші рет Лига тарихында ширек финалда 2 шетелдік команда ойнайды (Латвияның ВЭФ және Қазақстанның «Астана» клубтары).

2 команданың ойынына 2013 жылдан бері бірінші рет 4 000 көрерменнен артық жиналды. Олар – «Парма» (5115) және «Локомотив-Кубань» (4110).



5 жетіфуттік (бойлары 213 см және одан биік) баскетболшы биылғы маусымда өнер көрсетті. Олар – Андрей Десятников («Зенит»), Артем Забелин («Автодор»), Артем Клименко («Автодор»/УНИКС), Александр Винник («Парма»), Дмитрий Соколов («Химки»).

27 ойыншы 32 жастан асқан биылғы маусымда өнер көрсетті.

11,5 ұпай – биылғы маусымдағы ең үдемелі ойыншының, яғни «Калев» баскетболшысы Виталий Лютычтың, көрсеткіші осынша өсті (3,2-ден 14,7-ге дейін).



11,5 рет әр ойында доптан айырылып қалды, УНИКС көрсеткіші – маусымдағы ең үздік нәтиже, қазандықтар екінші жыл қатарынан осы көрсеткіш бойынша үздік шықты.

23,88 пас әр ойында, ЦСКА көрсеткіші – маусымдағы ең үздік нәтиже.

70,3 ұпай өз торшеңберіне, «Локомотива-Кубань» көрсеткіші – маусымдағы ең үздік нәтиже.

30 – шетелдік командалардың жеңістері.

36 рет командалар биылғы маусымда 100 ұпай жинады.

234 үш ұпайлық, «Нижний Новгород» көрсеткіші – маусымдағы ең үздік нәтиже.



81,42 пайыз – «Зениттің» айып соққысын дәл түсіруі. Маусымдағы ең үздік нәтиже және Лига тарихындағы екінші нәтиже.

94,75 ұпай орта есеппен әр ойында, ЦСКА көрсеткіші – Лига тарихындағы ең үздік нәтиже.

924 рет доп қақшып алды, «Химки» көрсеткіші – маусымдағы ең үздік нәтиже.

792 адам – «Локо» командасының былтырғы маусыммен салыстырғандағы көрермендерінің саны осынша артты, Лигадағы ең үздік нәтиже.

11 000 – адам Лига тарихындағы ең бірінші, Сочиде өткен Жұлдыздар матчына жиналды.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»