Қазақстан чемпионатының «Төртеу финалы»

20.04.2017, 18:00    Оқылғаны: 553
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
ВТБ Бірыңғай лигасы біріншілігінің өз алаңында өткізген соңғы ойыннан кейін елорда баскетболшыларына босаңсып, арқаны кеңге салудың реті келер емес. Алда – ВТБ лигасының плей-офф додасы мен Қазақстан чемпионатының «Төртеу финалы» ойындары.

Бірінші кезекте – ұлттық чемпионат. Алдағы демалыс күндері, яғни 21 және 23 сәуір күндері «Астана» баскетбол клубының алаңында еліміздің ең үздік командасы анықталатын шешуші дода өтеді. «Төртеу финалын» өткізу ережелері бойынша, «А» жоғарғы тобында үздік шығып, жеңімпаз атанған Қостанайдың «Тобылы» да Ұлттық лиганың жүлделі орындары мен алтын медалына таласа алады. 

Сонымен, ойындар күнтізбесі төмендегідей болып түзілді:

1/2 финалы — 21 сәуір:
  • 16:45: «Атырау Барыстары» — «Каспий»
  • 19:00: «Астана» — «Тобыл»

Финалдық ойындар — 23 сәуір:
  • 14:45: 3-орын үшін
  • 17:00: 1-орын үшін

«Төртеу финалы» аяқталғаннан кейін Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі қйымдастырылады. Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойындар «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Барлық матчтарға кіру – тегін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»