«Астана» Қазанға аттанды

11.04.2017, 20:00    Оқылғаны: 453
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Нижний Новгород» клубымен өткен матчтан кейін елорда командасы түздегі ойындарын жалғастырады. Осы ойын аяқталысымен, «Астана» тікелей Ресейдің ең спортты қаласына – Қазанға аттанды. Онда 13 сәуір күні жергілікті, ВТБ Бірыңғай лигасының өткен маусымдағы күміс жүлдегері «УНИКС» БК кездеседі.
 
Елорда баскетболшылары плей-оффта бақ сынау құқығына қол жеткізуге жақын. Әйтсе де, босаңсуға болмайды. Әрі қарсыласы – өте азулы команда. Евгений Пашутиннің командасы турнир кестесінің бесінші сатысында тұр. Еншілерінде – 14 жеңіс және 8 жеңіліс. «Астананың» қазандықтарды өз алаңында қабылдаған, маусым басында өткен ойыны қонақтардың жеңісімен аяқталған – 68:84.

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору алдағы ойын дайындығы жайлы өз пікірін білдірді:
– Біз ВТБ Бірыңғай лигасының алғашқы бестігіндегі азулы командамен кездесеміз. Біз осы лиганың жұлдыздарына қарсы өтетін матчта деңгейі жоғары ойыншыларға төтеп беруге дайын болуымыз керек. Бізге плей-офф сатысына ілігуге сәл ғана қалды және біз бар күш-жігерімізді салып, соған тырысамыз!

Естеріңізге сала кетейік, бұл ойын бейсенбі күні, 13 сәуірде Қазанда өтеді. Сіздер матч трансляциясын Астана уақытымен 22:00-де онлайн режімінде ВТБ бірыңғай лигасы сайтынан және тікелей эфирде «KazSport» телеарнасынан көре аласыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»