«Астана» ЦСКА мен «Химкиді» «Жекпе-жек сарайы» аренасында қабылдайды

01.02.2020, 10:00    Оқылғаны: 797
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Құрметті, «Астана» Президенттік баскетбол клубының жанкүйерлері, елорда командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңындағы келесі ойындары, атап айтқанда, 10 ақпан күні Мәскеудің ЦСКА және 14 ақпанда Мәскеу облысының «Химки» клубтарымен өтетін кездесулері, «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді.

«Жекпе-жек» жауынгерлік өнерлер спорт сарайы Нұр-Сұлтанда 2019 жылы шілде айында ашылған. Аталмыш спорт кешенінің ашылу салтанаты Қала күніне орай ұйымдастырылды. Ал бұл аренадағы ең алғашқы маңызды оқиға жауынгерлік өнер фестивалі болды. Сәулетті спорттық кешен Қазақстан Республикасы астанасының тағы бір мақтан тұтар көрнекті ғимаратына айналды. Жекпе-жек өнерлері сарайы футуристикалық стилде жобаланған. Спорт сарайы ғимараты қалықтап ұшып бара жатқан бүркітті сомдайтын үш бұрышты формада салынған. Жауынгерлік өнер сарайы қазақ тілінде «Jekpe-jek» деп аталады.

Жауынгерлік өнер сарайы сыйымдылығы – 5 мың адам. Сонымен қатар, залда VIP-орындар, скайбокстар, төрешілер трибуналары, спорт комментаторларына арналған кабинкалар және журналистерге арналған 54 орынды қазіргі заман талабына сай пресс-орталық бар.

Дворец единоборств Жекпе-жек

Аренаның трибуналары сұлбасы және билеттер бағасы:



Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010017, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 43 (Керей, Жәнібек хандар көшесі қиылысы).

Автобустар маршруты:

  • «Қан орталығы ҒӨО» аялдамасы – 50, 51, 53, 61;
  • «Астана-Арена стадионы» аялдамасы – 10, 12, 37, 51, 53, 60, 301, 302, 303, 308, 309;
  • «Aлтын Tulip» ТК аялдамасы – 40
 



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»