«Астана» баскетболшылары ҚазАТУ студенттерімен кездесті

27.03.2017, 20:00    Оқылғаны: 282
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін елорда баскетболшылары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерімен кездесті.

Команда капитаны Рустам Ерғали мен шабуылшы Антон Пономарев үшін бұл университет мүлде жат емес. Екеуі дәл осы ЖОО-да 4 жылдай білім алып, дипломды маман болып шыққан. «Аграрканың» спорт залы біздің жігіттер үшін өз үйлеріндей болып кеткен. Өйткені олар «Астана» клубы сапына келгенше, баскетболдағы жаңа жетістіктеріне осы жерде қол жеткізген.



Рустам Ерғали, Антон Пономарев, Рустам Мырзағалиев, Александр Жигулин, Иан Миллер, Усман Крубэлли және Роберта Лаури бүгін біздің команданың құрамында студенттермен, сондай-ақ баскетболдан Агротехникалық университеті командасымен кездесті. Жігіттер баскетболдан ЖОО құрамасына арнап шеберлік сабағын өткізді, сонымен қатар студентермен емен-жарқын шүйіркелесіп, артынан естелікке суретке түсті.
   
Команда капитаны Рустам Ерғали жиналғандардың барлығына қолдау көрсетіп жүргендері үшін және «Астана» баскетбол клубына деген ықыластары үшін алғыс айтты: «Осы залға келгеніме қуаныштымын, бұл университетте менің барлық спорттық карьерам өтті деуге де болады. Мен кезінде осы университеттің құрама командасы сапында ойнағанымды мақтан тұтамын. Әрі біз бірнеше турнирлерде жеңімпаз атанғанбыз. Баршаңызға табыс тілеймін, еңбектеніңіздер, жаттығыңыздар, спортты және баскетболды сүйіңіздер. Қолдау көрсетіп жүргендеріңіз үшін бәріңізге рахмет.» – деп түйіндеді өз сөзін капитан. 
 


Өз кезектерінде, студенттер де біздің баскетболшыларымызға қызықты кездесу мен шеберлік сабағы үшін алғыс жолдады.

«Астана» баскетбол клубы үшін мұндай шаралар бір реттік емес, команда үнемі өзінің жанкүйерлері мен баскетбол сүйер қауымға көңіл бөліп отыруға тырысады.