ҚР ҰОК мерейтойлық концерті

24.03.2017, 15:35    Оқылғаны: 1459
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Құрметті, достар! 

Ертең, 25 наурыз күні сағат 19.30-да «Хабар» телеарнасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына орай өткізілген мерейтойлық концертті тамашалаңыздар.

Концертте Қазақстан спортының жарық жұлдыздары мен Қазақстан эстрадасының әншілері-бишілері өнер көрсетті. Салтанатты шараға «Астана» ПБК бас менеджері, баскетболдан Олимпиада чемпионы Валерий Алексеевич Тихоненко да қатысты.
 
ҚР ҰОК ширек ғасырлық мерейтойына еліміз егемендігіне қол жеткізгелі бергі 25 жылда қазақстандықтарды ерен жеңістерімен қуанышқа бөлеген отандық спортшылар, ардагерлер және еңбек сіңірген спорт қайраткерлері келді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»