Сенбі күні, 28 желтоқсанда, астанадағы «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығында «Астана» Президенттік баскетбол клубы ойыншыларының фанаттармен және жанкүйерлермен көптен күткен кездесуі болады. Кездесу өтетін жер – «Keruen City» ССО, 2-ші қабат, шағын атриум, «Intertop» дүкенінің жаны. Басталуы – астана уақытымен 13:00-де.
Қонақтар тек өздерінің сүйікті ойыншыларымен және команданың бас бапкері Эмиль Райковичпен бейресми түрде тілдесіп, қолтаңба алып, суретке түсіп қанай қоймайды. Әрі біздің команданың бойтұмары Сэм және клуб серіктестері – «Keruen City» ССО, «Kinopark» кинотеатры және «Easy Bounce» баскетбол дүкені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясы ұсынған жаңа жылдық сыйлықтарға ие болады. Ал өзіндік, бірегей сұрақ қойған адамға «White and Beige» дүкені әзірлеп отырған арнайы сыйлық табысталады.
Сонымен қатар, «Астананың» Жаңа жылда өтетін бірінші матчының VIP билеттері ұтысқа салынып, оған қонақтардың бәрі де қатыстырылады. Бұл матч 5 қаңтар күні «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Біздің жігіттер өз алаңымызда Красноярскінің «Енисей» клубын қабылдайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы Ұлттық құрамамыздың 2021 жылғы Азия кубогының іріктеу додасында Палестина және Иордания құрамаларын қабылдайтын өз алаңымыздағы матчтарының да эксклюзивті билеттері де ұтысқа салынады.
Бұл кездесуге қонақ ретінде жас баскетболшылар, яғни астанадағы Балалар үйі тәрбиеленушілері келеді. Біздің Сэмми оларға да арнап, көңіл көтеретін бағдарламалар мен жаңажылдық арнайы тосын сыйлар дайындап отыр.
Кездесуге қатыса алмайтын жанкүйерлер, мұның бәрін клубтың әлеуметтік желідегі Instagram парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Жаңа жылға өздеріңізге сыйлық жасап, аз ғана уақыттарыңызды сүйікті командаларыңызбен бірге өткізіңіздер.
![]() «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
![]() Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |