«Астана» «Атырау Барыстарын» екі рет ұтты

23.03.2017, 20:00    Оқылғаны: 437
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін «Астана» клубы баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы соңғы ойындарын тәмамдады. Елордалықтар екі күн бойы өз алаңында «Атырау Барыстары» командасымен додаға түсті.

Бірінші ойын өте шиеленісті өтті. Баскетбол додасының көрігі матч соңына дейін бәсеңсіген жоқ. Бірақ «елордалықтардың» қайсарлығы мен «Астананың» негізгі қорғаушысы Йан Миллердің ширақ қимылдары ойын тағдырын шешті. Кездесу 79:74 есебімен аяқталып, «Астана» жеңіске жетті. Америка қорғаушысы Йан Миллер команда қоржынына 34 ұпай салды.
     
Екінші кездесуде де айтарлықтай өзгеріс болған жоқ, астаналықтар бұл ойында басымдық танытты. Қарсыласын 94:68 есебімен қиналмай жеңді. Матчтың үздік ойыншысы Леонидас Каселакис болды, оның еншісінде – 25 ұпай, Максим Марчук – 11 ұпай, Рустам Ерғали – 10 ұпай.

Осымен «Астана» үшін Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы додасы аяқталды. Бір айға жетпес уақыттан соң, нақтырақ айтқанда, 21 сәуірде Қазақстан чемпионатында «Төртеу финалы» басталады.  

Ал «Астана» келесі кездесуін түзде өткізеді. 2 сәуір күні елорда командасы Красноярскінің «Енисей» клубына қонаққа барып, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»