Айзея Уайтхед «Астанадан» кетті

11.12.2019, 08:00    Оқылғаны: 366
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы мен америкалық қорғаушы Айзея Уайтхед өзара келісім бойынша екеуара келісімшартты бұзды.

Айзея 10 қазанда «Астанамен» келісімшартқа отырған болатын. Елорда командасы сапындағы екі айдың ішінде ол алаңға сегіз рет шықты. Оның бесеуін ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, ал үшеуін Ұлттық лига додасында өткізді.

Уайтхэд екі додада да, алаңда орта есеппен 20 минуттан сәл ғана асатын ойын өрнегін көрсетті. Нәтижелі ойын өрнегі жағынан ол Қазақстан чемпионаты матчтарында көзге түсіп, әр ойында орта есеппен 12,7 ұпайдан еншілеп отырды. Ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы бұл көрсеткіші 9,6 ұпайды құрады. Шығыршық түбіндегі ойынына келсек, мұнда Айзея екі додада орта есеппен бір матчта 3,4 рет қайтқан допты қағып алып отырды. Қарсы команданың добын тартып алудан да көрсеткіші осы іспеттес, орта есеппен бір ойында – 3 рет. Ал пас беруші рөліндегі ойыны бөле-жара атап өтуге тұрарлықтай, атап айтқанда, Қазақстан чемпионатында орта есеппен бір матчта – 7 пас, ал Ұлттық лигадағы рекорды, «Ақтөбе» клубына қарсы ойнаған үш матчтың бірінде – 11 ассист. ВТБ Бірыңғай лигасындағы матчтарда Айзея пас беруге мұндай жомарт болған жоқ, орта есеппен бір ойында – 2,8 пас.

Айзея біздің жанкүйерлердің есінде Петербордың «Зенитімен» өткен ойынның овер-таймындағы соңғы секундтарда салған үш ұпайлық добымен жатталып қалары сөзсіз.
 


Клуб Айзеяға команда сапында төккен тері үшін алғыс білдіріп, алдағы карьерасына толағай табыс тілейді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»