Ұлттық лига – «Астана» VS «Атырау Барыстары»

21.03.2017, 13:00    Оқылғаны: 673
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
22 және 23 наурыз күндері «Астана» баскетбол клубы «Назарбаев Университеті» спорт залында ҚР Ұлттық лигасы аясындағы кезекті кездесулерін «Атырау Барыстары» командасымен өткізеді. Бұл ойындар – ел біріншілігінің негізгі бөлігінің соңғы матчтары, әрі қарай «Төртеу финалы» үлгісінде жалғасады.

Биыл біздің клуб «Атырау Барыстары» командасымен бірнеше рет кездесті, әрі бұл ойындардың барлығы да елордалықтардың жеңісімен аяқталды. 2017 жылғы Қазақстан кубогының финалында да дәл осы «Барыстармен» додаға түскен болатын. Легионерлері алаңға шықпаса да, «Астана» қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан кубогының биылғы жылғы жеңімпазы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы матчтар 22 және 23 наурыз күндері, сағат 15:00-де «Назарбаев Университеті» спорт залында өтеді. Екі ойынға да кіру – тегін. Құрметті жанкүйерлер, спорт залға Тұран көшесі жағынан кіре аласыздар, сол жерде көліктеріңізге арналған тегін автотұрақ бар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»