«Астана» мен Ұлттық лиганың жаңа командасы «Ақтөбе» арасындағы тарихи матчтар

11.11.2019, 08:00    Оқылғаны: 615
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
 «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз тарихында бірінші рет Қазақстан командасы «Ақтөбемен», Ұлттық лига аясында додаға түседі. Қос ойын 11 және 12 қараша күндері Нұр-Сұлтанда өтеді.

«Ақтөбе»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лигадағы жеңімпазы: 2018/2019



«Ақтөбені» биылғы маусымда да, былтырғыдай Арсен Телеуов жаттықтырады. Ал оған Алмат Кенжеғұлов көмектеседі, бір қызығы, ол да ойыншы ретінде де тіркелген. Сондай-ақ былтырғы маусымда «Ақтөбе» әйелдер командасын жаттықтырған Асқар Жылқыбаев да – көмекшісі. Былтырғы маусымдағы 10 ойыншы биыл команда сапына ілікпей қалды: Александр Поздняков, Қанат Нағин, Данияр Тәуекелов, Владимир Формазонов, Роман Греков, Владислав Батурин, Руслан Асфандияров, Бақыт Маханалин, Богдан Лащ «Каспий» клубына ауысты, Константин Двирный «Тобылдың» намысын қорғайды. Өткен маусымдағы 8 ойыншы «Ақтөбемен» өз келісімшарттарын ұзартты: Сергей Борматенков, Темірлан Жүнісов, Константин Нефф, Александр Евдокимов, Глеб Жуков, Никита Наливайко, Арсен Телеуов және Алмат Кенжеғұлов. Лигаға биыл ғана қосылған команда сапындағы жаңа ойыншыларының бірі – ресейлік Владислав Гусак. Ол бұған дейінгі екі маусымды АСБ-да (Ресейдің студенттік баскетболы қауымдастығында) өткізіп, Дондағы Ростовтың Оңтүстік Федералды Университеті командасында өнер көрсеткен. Ал 2018/2019 маусымында Арменияның «А» лигасындағы «Артик» командасында ойнаған. Сонымен қатар, Ақтөбе командасы құрамынан америкалық Филип Риган Хайнспен толықтырды. Қазақстан ойыншыларынан бұл командаға қосылғандар: Константин Марзан, өз карьерасын түгелдей дерлік Қапшағайда өткізген және Айдархан Тоқтаров, карьерасының басым бөлігін «Тобылда» өткізіп, соңғы маусымда «Синегорье» сапында ойнаған; сондай-ақ Ибрагим Қонысов, былтырғы маусымды «Атырау Барыстары» құрамында бастап, Павлодардың «Ертісі» сапында аяқтаған.

Кездесулер тарихы: «Ақтөбе» кейінде құрылған ұжым, биылғы маусымда Ұлттық лигада бірінші рет сынға түсіп жатыр және «Астанамен» екеуінің жолдары әлі түйіспеген.

Турнир кестесіндегі жағдай: «Астана» алты ойын өткізіп, алтауында да айқын басымдықпен  жеңіске жетті және турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. «Ақтөбе» де алты ойын өткізген, бірақ олар екі ойында ғана жеңіске жетті, соның арқасында төртінші орынға орналасты.

Қызықты деректер:
  • Бұл «Астана» және «Ақтөбе» командаларының тарихындағы алғашқы кездесу болады.
  • «Астана» ПБК балалар академиясының жаттықтырушылары Владимир Формазонов пен Исмаил Бимендин «Ақтөбе» сапында ойнаған: Владимир – былтырғы маусымда, ал Исмаил – оған дейінгі маусымда.

Матчтар дүйсенбі және сейсенбі күндері – 11 және 12 қарашада Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтеді. Матчтардың басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»